logo
Қз

Еуразиялық банктің акционерлерінің бірі ММХҚИ-ның 75-жылдығына арналған фильмге қатысты

Еуразиялық банктің акционерлерінің бірі  Патох Шодиев Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге Мәскеу Мемлекеттік Халықаралық Қатынастар Институтының 75-жылдығына арналған «ММХҚИ әлемнің барлық тілінде».  Атты деректі фильмінің түсіріліміне қатысты. Фильм премьерасы 23 қазанда ресейлік «Бірінші» арнада болды.

 

Қазақстан Президенті фильмде мансабының болуы осындай университетте оқуымен байланысты болуы мүмкін екенін айтты. ММХҚИ-ны Қасым-Жомарт Тоқаевтан бір жыл бұрын бітірген Патох Шодиев те оқу оны жұмыс істеуге, білімді пайдалануға, достасуға үйретті деп санайды.  Фильмде банк акционері жатақхана бойынша көршісі Алишер Усмановпен (Редакцияның ескертпесі: Алишер Усманов — өзбек текті ресейлік кәсіпкер және меценат, миллиардер, USM Holdings негізін қалаушы) достығы туралы әңгімелеп берді.

 

— Бюджетіміз бізде былайша айтқанда ортақ еді, — деп есіне алады Патох Шодиев,— негізінде ол бюджетті ата-анамыз беретін, ал біз болсақ оны жұмсайтынбыз. Көбінесе, ойламай жұмсап, соңында нанмен, қоюландырылған сүтпен шай ішуге тура келетін. Кейде өте көңілді болатын.  Вьетнамдықтар картоп дайындап, тауық, көкөністер қуыратын. Біз оларға жалғыз нәрсе — селедканы қуыруға ғана тыйым салатын едік.  Бұл олардың сүйікті тағамы болды, бірақ бұнымен келісе алмадық.

 

2007 жылы ММХҚИ-ның үш түлегі институтты дамыту қорын ұйымдастырды. Олардың бірі Патох Шодиев болды.  Қордың қайырымдылық жәрдемдерін инвестициялауға, ал пайданы студенттерді оқытуға салуға болады.

 

— Алишер (Редакцияның ескертпесі: Алишер Усманов), Потанин (Редакцияның ескертпесі:  (Владимир Потанин — ресейлік кәсіпкер, мемлекеттік және саяси қайраткер, “Интеррос” басқарушы компаниясының иесі және президенті, “Норильский Никель” бас директоры, Мемлекеттік Эрмитаж қамқоршылық кеңесінің төрағасы) және мен — біз осы эндаументтің (ағылш. endowment-сыйлық, қайырымдылық) үш негізін қалаушысы болдық, – деп әңгімеледі интервьюерге Еуразиялық банктің акционері, — әрқайсымыз 5,7 миллионнан, анығы есімде қалмапты, ақша салдық.  Эндаумент институты осылай құрылды.  Қолдау бағдарламаларына мерзімді түрде қатысуды  жалғастырамыз.

 

ММХҚИ туралы фильмде сондай-ақ ММХҚИ-ның басқа да белгілі түлектері — Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров, РФ Мәдениет министрі Владимир Мединский, Әзірбайжан басшысы Ильхам Алиев, ЕҚЫҰ төрағасы Мирослав Лайчак, журналист Александр Любимов және басқа да кеңінен танымал адамдар түсті.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.