logo
Қз

ҚР Ұлттық Банкінің клиент деректерін беру жөніндегі қаулысын орындау туралы

Құрметті клиенттер!

 

2025 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Ұлттық Банкінің банктерді банктік шоттар мен олар бойынша жасалатын операциялар бойынша есептілік беруге міндеттейтін қаулысы күшіне енді.

 

Бұл сіз үшін нені білдіреді?

 

1. Деректердің қауіпсіздігі:

Сіздің дербес деректеріңіз (ТАӘ, ЖСН) ашық күйде берілмейді. Оның орнына:

  • ДСН (дербес деректер көрсетілмеген сәйкестендіру нөмірі)- ЖСН-ы бар клиенттер үшін;
  • БаСН (балама сәйкестендіру нөмірі) – ЖСН-ы жоқ клиенттер үшін.

 

Бұл сандарды қалыптастыру алгоритмдері оларды үшінші тұлғалардың мағынасын ашу мүмкіндігін жоққа шығарады.

 

2. Қандай ақпарат беріледі?

Шот иесі туралы Шарттағы, валюта мен қалдықтар және операциялардағы (түсімдер, есептен шығару және т.б.) деректер (аты-жөні/атауынсыз).

 

3. Деректерге қолжетімділік

Банк ақпаратты тек ҚР Ұлттық Банкіне және ҚР уәкілетті органдарына олардың сұратуы бойынша (ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне, “Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры” акционерлік қоғамына) қорғалған байланыс арналары арқылы ұсынады.

 

Бұл неге сондай маңызды? Аталған талаптар қаржы нарығының ашықтығын арттыруға бағытталған және ҚР келесі заң талаптарына сәйкес келеді:

  • Дербес деректер туралы;
  • Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы;
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы;
  • Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы;
  • Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы.
  • Сіздің деректеріңіз қорғалған, ал оларды беру ҚР заңнама талаптарымен қатаң реттелген.

 

Банк клиенттердің жеке деректері туралы ақпаратты сақтау, сондай-ақ клиенттер жүргізетін банк операциялары бойынша ҚР заңнамасының барлық талаптарын орындайды.

 

Құрметпен, Еуразиялық банк

Түсініктеме ҚР ресми нормативтік құқықтық актілерінің негізінде дайындалды

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.