Клиенттердің банкке деген өтініштердің басым бөлігі Алматыдағы бөлімшелер мен филиалдың жұмыс кестелерін ұлғайту туралы болатын.
Сол себепті 2019 жылғы 1 қарашадан бастап Еуразиялық банк жаңа тәртіпке көшеді және клиенттерге жұмыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін және сенбі күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін қызмет көрсетеді.
«Біздің мақсатымыз — әрбір күн біздің клиенттеріміз үшін жағымды бола түсуде, көбісіне жеке қаржылық мәселелерін жұмыстан кейін шешу қолайлы. Қаланың қауырт тіршілігі мен кептелістерін ескерсек, банктің жаңа форматта жұмыс істеуі Алматыдағы клиенттеріміздің өмірін едеуір жеңілдетеді», — деді клиенттік тәжірибе жөніндегі басқарушы директор Виталий Индин.
Өзгерістер әзірше тек Алматыға ғана қатысты. Егер тәжірибе сәтті болса, оны Қазақстанның өзге де өңірлеріне де қолдану ойда бар.
VIP-бөлімшелер мен ойын-сауық орталықтарындағы бөлімшелер кеңейтілген және сауда орталығының жұмыс кестесіне байланысты бұрынғы режимде жұмыс істеуді жалғастырады. Заңды тұлғаларға қызмет көрсету тәртібі өзгерген жоқ.
Банк бөлімшелерінің мекенжайларын картадан қараңыз.
Еуразиялық банк — Сіздер үшін қолайлы болуға тырысамыз!