1 ақпаннан бастап Smartbank мобильді қосымшасын жүктеуге және пайдалануға болмайды.
Smartbank қосымшасы бірнеше жылдар бойы клиенттерге арналған негізгі циярлық сервистерді қамтамасыз етіп келді, оны 2 500 000 клиенттен астам қолданып, 70 000 000 астам цифрлық операцияларды жүзеге асырды.
2010 жылдан бастап Smartbank банктің қашықтағы арналарын дамытудың маңызды бөлігі болды. Сонымен қатар ескі қосымшаның архитектуралық және функционалдық шектеулерінен қажетті ауқымдылық деңгейін, дамыту жылдамдығы мен клиенттік тәжірибе сапасын қолдау мүмкін болмады.
Бір жыл бұрын 2025 жылғы 6 ақпан күні банк клиенттеріне қызмет көрсететін жалғыз моилді арна болатын Eurasian Bank жаңа мобильді қосымшаны іске қосты.
Бүгінгі таңда жаңа мобильді қосымша сәтті жұмыс істеп, тұрақты нәтижелерін көрсетуде:
- 620 000 тіркелген пайдаланушы;
- 470 000 пайдаланушы қосымшаны айына бір рет пайдаланады;
- 1 500 000операциялар айына бір рет жасалады;
- NPS (қосымшаны ұсынуға дайындық индексі) 64% -ға жетті (тарихи максимум);
- 5-топ — ҚР аймағында Apple Store орны “Қаржы” санатында 3,7-ден 4,2-дейін.
Жаңа қосымшаға қосылған сервистер:
- карта мен банктің басқа өнімдері жөніндегі push-хабарлама сервисі;
- барлық өнімдер бойынша онлайн үзінді көшірме алып, PDF + форматына шығарып, бонустардың қозғалысы жайлы, оның қанша есептелгені туралы көруге мүмкіндік беретін бонустардың үзнді көшірмесін алуға болады;
- аударымдар мен төлемдерді ыңғайлы басқаруға болады: операциялар сақталады және оларды жиілер қатарынан жоюға/операцияны қайталауға / атауын өзгертуге болады;
- ағымдағы өнімдердің мәртебесі мен шартарын көру мүмкіндігімен оларды жылдам онлайн ашу;
Ескерту: жаңа мобильді қосымшадағы SWIFT-аударым жасау сервисі уақытша қолжетімсіз болады (әзірлену үстінде).
Eurasian Bank қосымшасы — бірлескен жұмыс нәтижесі және банктің цифрлық арналарын дамытуға жасалған маңызды қадам.