logo
Қз

Еуразиялық банктің ақпараттық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры банктің карантиннен кейінгі жұмысы туралы сөз етті

Еуразиялық банктің Ақпараттық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры Алексей Кан Kaspersky лабораториясы мен Forbes іскерлік басылымның бірлескен «Зеленый коридор» жобасының бірінші қонағы болды.

 

Алексей Кан мен Орталық Азия, ТМД және Балтық елдеріндегі “Касперский лабораториясының” басқарушы директоры Евгений Питолин қашықтықтан жұмыс жасаудың банкке әсері мен карантиннен кейінгі жағдай туралы сөз қозғады.

 

— Еуразиялық банкте барлығы салыстырмалы түрде тұрақты екенін білемін, жақында қосымша капиталдандыру жүргізілді, рейтинг расталды, барлығы жоспарланған дәлізде орындалып жатыр. Бірақ барлығында бұлай емес. Барлығына төтеп беріп, одан әрі жоғарылау – қаржылық ұйымның рөлі қалай өзгермек? Өйткені 20 жыл бұрынғы банк тарихы – басқа, 15 жыл бұрынғысы – басқа.  Қазіргі таңда банк – цифрлық көмекші. 2020 жылғы банк коронавирустан кейінгісі. Бұл не деген сөз? Қаржылық ұйымның рөлі қалай өзгермек?

 

– 2020 жылғы, карантиннен кейінгі банк көбінесе цифрлық банк болуы тиіс. Елдегі жағдай ауыр, алдыңғы жағдайға қарай біз енді қайта оралмаймыз, жаһандық экономика баяулайды деп күтеміз. Бұл банктерге қалай әсер етеді? Банктер қызмет көрсету, қатысу орындарын тоқтатуға, яғни операциялық тиімді болып есептелетін сандық арналарға өтуге мәжбүр болады. Егер 20 бөлімшенің қызмет көрсету желісі 20 мың клиентке қызмет көрсете алса, бір ұялы қосымша 100 мың клиентке қызмет көрсетуге әзір.  Яғни, желіні күтіп-бағуға және офисті жалдауға қарағанда операциялық жүйе мен қызметкерлерді ұстау, әкімшілік ету мен әзірлеуге кететін шығын анағұрлым азырақ.  Барлық банктер сандық арналарға ауысады, бұған коронавирустың әсерін қосыңыз: әлеуметтік қашықтық, физикалық кездесулердің, қарым-қатынастың азаюы, жұқтыру қаупінің төмендеуі қашықтықтан арналарға ауысуға әкеледі.  Біздің банк осындай дамуға дайын болды, өткен жылдан бастап біз ұялы қосымшамызды белсенді түрде ілгерілеттік. Әр бөлімшеде ұялы қосымшаға ауысуды түсіндіретін қызметкер бөлінді. Негізгі мақсат – клиенттерді физикалық бөлімшеден цифрлық бөлімшеге ауыстыру.

 

ІТ кез келген саланың, оның ішінде қаржылық саланың негізгі ойыншыларының бірі болмақ. Егер осыған дейін ІТ бизнестің көмекшісі болса, онда жақын уақытта ол оның негізгі қатысушысына айналады.  Қаржы ұйымдары ұсынатын қызметтердің көбісі қашықтықтан басқарылатын байланыс арналары, бейне қоңыраулар, сандық сәйкестендіру көмегімен жүргізілетін болады, – деп сендіреді Алексей.

 

Сұхбаттың толық нұсқасы Forbes Kazakhstan-ның YouTube арнасында қолжетімді.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.