logo
Қз

Еуразиялық банктің қосымшасында су тасқыны кезінде зардап шеккендерге ақша аударуға болады

Енді Еуразиялық банктің Smartbank қосымшасында апаттан зардап шеккендерге қайырымдылық көмек жинауға арналған үш шот қолжетімді. Олар “Қайырымдылық жарналары” бөлімінде орналастырылған.

 

Олардың біріншісі — Biz Birgemiz Qazaqstan қоғамдық қоры 2020 жылы құрылды. Қор қазақстандықтарға Covid-19 пандемиясы кезінде көмек көрсетті, Арыстағы ТЖ кезінде, Семейдегі өрттер кезінде зардап шеккендерге көмек қолын созды. Қазіргі уақытта қорға су тасқынынан зардап шеккен барлық аймақтарға генераторлар, сорғылар, үрлемелі қайықтар, үлкен моторлы қайықтар, шамдар, күректер, сөмкелер секілді техникаларды сатып алу және жалға алу үшін қаражат қажет.

 

Екіншісі — су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде қайырымдылық қабылдау және зардаптарды жою бойынша жұмыстар жүргізу үшін Атырау облысының әкімдігі құрған “Атырау” әлеуметтік даму корпоративтік қоры.

 

Үшінші шот су деңгейінің көтерілу салдарын жою және апаттан зардап шеккен қазақстандықтарды қолдау үшін Ақтөбе облысының әкімдігі құрған “Қамқор-Ақтөбе 2024” қоғамдық қоры ретінде белгіленген. Еуразиялық банк осы Қорға қайырымдылық ретінде 200 млн теңге көлемінде қаражат жіберді.

 

Осы шоттардың біріне қайырымдылыққа аудару үшін Smartbank қосымшасына кіріп, “Төлемдер” бөліміне, содан кейін “Қайырымдылық жарналарына” өтіп, осы қорлардың бірін таңдау керек.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.