logo
Қз

Жалақылық Smartcard және New_salary карточкалық өнімдері бойынша Visa Signature жаңа пластикалық карта түрі енгізіледі. Автокарта мен Эко карта тарифтері өзгереді

Құрметті клиент!

 

2024 жылғы 15 қаңтардан бастап Еуразиялық банк клиенттерге Жалақылық Smartcard және New_salary карточкалық өнімдері бойынша Visa Signature төлем картасын ашу мүмкіндігін ұсынады.

 

Visa Signature картасын ұстаушылары үшін Visa International халықаралық төлем жүйесін қолдау барысында енді тегін:

 

– әлем бойынша Lounge Key әуежайларының бизнес-залдарына жылына он рет бару (сауда және сервис пункттерінде ай сайынғы шығындар кезінде 150 000 теңгеден кем емес сомаға);

– Қазақстан Республикасынан тыс сапарларды толық сақтандыру;

– консьерж-қызмет (тәулік бойы, әлемнің кез келген жерінен)

 

Lounge Key әуежайларының бизнес-залдарына төлем картасы нақты болған жағдайда ғана кіруге болатынына назарыңызды аударамыз. Кейбір жағдайларда паспорт пен отырғызу талоны қосымша сұратылады.

 

Ағымдағы тарифтік өзгерістер аясында 2024 жылдың 15 қаңтарынан бастап Автокарта мен Эко картаны ұстаушылар үшін мүлдем тегін:

 

– PIN-кодты ауыстыру немесе PIN-код есептегішін қалпына келтіру;

– жоғалған/ұрланған картаны бұғаттау;

– соңғы 10 операция туралы ақпаратты Еуразиялық банк бакноматынан сұрату.

 

Сондай-ақ Автокарта және Эко карта карточкалық өнімдері бойынша тарифтерге өзге де өзгерістер енгізілді, олармен сілтеме бойынша өту арқылы танысуға болады.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.