Еуразиялық банк су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға жанашырлық білдіріп, табиғи апат зардаптарынан тезірек қалпына келуді тілейді.
Орын алған жағдайды ескере отырып, банк жеке және заңды тұлға-клиенттердің төлемдері бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептемей, 3 айға кейінге қалдыру туралы хабарлайды.
Жеке тұлғалардың төлемдері бойынша кейінге қалдыруды алу үшін сілтеме бойынша онлайн өтінім беруге немесе банктің кез келген филиалына/бөлімшесіне жазбаша өтініш беру үшін хабарласу қажет.
Заңды тұлғалардың төлемдері бойынша кейінге қалдыруды алу үшін ҚБҚ жүйесінде онлайн өтінім беру керек немесе банктің кез келген филиалына/бөлімшесіне жазбаша өтініш беру үшін хабарласу қажет.
Қарыз алушы банк филиалына немесе бөлімшесіне жүгінген кезде құжат өкілеттіктерін растайтын жеке куәлігі (заңды тұлғалар үшін) мен су тасқынынан залал келтірілгенін растайтын құжаттары болуы керек.