logo
Қз

Қазақстанның жеке ғарыш компаниясы SpaceChain-мен бірлесіп Илон Масктың SpaceX Falcon 9 зымыранымен жерсерік ұшыруға дайындалуда

Еуразиялық Банктің Директорлар кеңесінің мүшесі, Eurasian Resources Group (“ERG”) менеджерлер кеңесінің қатысушысы Шухрат Ибрагимов Қазақстанда Eurasian Space Ventures (ESV) жеке ғарыш компаниясын құрды. Бүгін АҚШ-та “Coindesk” ұйымдастырған “Consensus” аса ірі конференциясы аясындағы брифингте ол ғарыштағы әлемдегі алғашқы орталықтандырылмаған жерсерік инфрақұрылымын әзірлеп жатқан SpaceChain компаниясымен бірге ғарыш және блокчейн технологиялар саласындағы бірлескен жобаларды әзірлеу және ынтымақтасу мақсатында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылғанын мәлімдеді. 

 

Бастапқы кезеңде ESV SpaceChain-мен бірлесіп жасалған екі Biteeu және Divine бірлескен ғарыштық жобаларын басқаруды және үйлестіруді жүзеге асыратын болады. Олардың орбитадағы жұмысына жауапты жерсерік 2021 жылдың 24 маусымында Илон Масктың SpaceX Falcon 9 кемесімен ұшырылады. SpaceChain компаниясының орбиталық ғарыш инфрақұрылымы аса қауіпсіз көпсигнатуралық транзакциялар мен Bitcoin желісіндегі деректердің резервтік көшірмесін жасау үшін пайдаланылатын болады. Divine -мұсылмандарға және бүкіл әлем бойынша Исламның киелі жазбаларын түсінгісі келетіндерге жерсеріктен тікелей Құран аудиожазбаларын тегін тарату үшін ғарыштық технологияларды пайдаланатын қоғамдық жоба.

 

Шухрат Ибрагимов негізін қалаған Қазақстанның ESV жеке ғарыш компаниясы ғарыштық жобаларды әзірлеу және осы елдегі нақтылап пысықталған ғарыш инфрақұрылымы мен экожүйені тиімді пайдалануға ұмтылатын сабақтас ұйымдардың өзара іс-қимылы үшін халықаралық орталық функцияларын орындауды мақсат тұтады.

 

Келісім бойынша екі компания екі жыл бойы ғарыштық технологиялар саласындағы ақпараттарымен және тәжірибесімен, сондай-ақ идеяларымен алмасады және бірлескен жобаларды әзірлейді.

 

SpaceChain өзінің ғаламдық ғарыш индустриясындағы серіктестерімен бірге Қазақстанның қолданысындағы ғарыш объектілері мен инфрақұрылымын тиімді пайдалану мақсатында ынтымақтасу мүмкіндіктерін қарастыратын болады. ESV екі компанияның атынан Қазақстан Республикасының “Ғарыш Сапары” деп те аталатын Ұлттық ғарыш агенттігімен өзара іс-қимыл жасауға жәрдемдесетін болады.

 

ESV компаниясының негізін қалаушы Шухрат Ибрагимов: “Біз Қазақстанның халықаралық ғарыш орталығы ретінде не ұсына алатындығын көрсетіп қана қоймай, бұдан да маңыздысы -ұйымдарға ғарышты бәсекелестік артықшылық пен табысты қамтамасыз етудің инновациялық платформасы ретінде ашуға көмектесу үшін SpaceChain-мен құнды әріптестік қатынастар орнатудамыз. Екі компанияның блокчейн және ғарыш саласындағы білімі мен тәжірибесін қосып, біріктіре отырып, біз демократияланған ғарыш секторында инновацияларды ендіру және одан әрі дамыту бағытында осы тарихи қадамды SpaceChain-мен бірге жасағанымызға қуаныштымыз” -деп мәлімдеді.

 

“Біз ғарышты игерудің және ғарыштық технологияларды бизнестегі жаңашыл идеяларды іске асырудың платформасы ретінде пайдаланудың жаңа дәуіріне аяқ бастық. ESV компаниясымен арадағы әріптестік қаржылық- технологиялық және орталықтандырылмаған қосымшалар үшін қорғалған және тұрақты жұмыс істейтін ашық бастапқы коды бар жерсерік блокчейн желісін құру жөніндегі үздіксіз қызметімізді толықтыратын болады”,- деді SpaceChain компаниясының тең құрылтайшысы және басшысы Зи Чжэн (Zee Zheng). – Біз ғарыштық технологияларды коммерциялық мақсатта пайдалану мүмкіндіктерін іздеуді жалғастырамыз және ESV-мен ынтымақтастық бұл процесті тездетуге көмектеседі деп сенеміз”.

 

SpaceChain туралы ақпарат 

 

SpaceChain жаңа ғарыш экономикасы үшін орталықтандырылмаған инфрақұрылымды дамытуға септігін тигізеді. Ғарышты блокчейн-технологиялармен ұштастыра отырып, SpaceChain ғарыштық қосымшаларды әзірлеуді жеңілдетеді және ғарышты қолжетімді қылады. Компания туралы толығырақ ақпарат оның сайтында www.spacechain.com мекенжайында берілген.

 

Eurasian Space Ventures (ESV) туралы ақпарат

 

ESV миссиясы Қазақстанға коммерциялық ғарыш өнеркәсібінің жетекші компанияларын, технологиялары мен мамандарын тарту, сондай-ақ осы саладағы жаңа жобалар мен жасақтамалар үшін бірыңғай орталық ретінде қызмет ету болып табылады. Компания туралы толығырақ ақпарат оның сайтында www.eurasian.space мекенжайында берілген.

 

Логотип — https://mma.prnewswire.com/media/1516973/SpaceChain_Logo.jpg

Логотип — https://mma.prnewswire.com/media/1516972/Eurasian_Space_Ventures_Logo.jpg

 

БАҚ үшін байланыс деректері:

 

Тони Тан

SpaceChain

+65 6570 9139

tony@autonomy-consulting.com

 

Маруф Мадраимов

Eurasian Space Ventures

+77472438787

info@eurasian.space

 

 

 

 

 

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.