logo
Қз

АЛЕКСАНДР АНТОНОВИЧ МАШКЕВИЧТІ ЕСКЕ АЛУ

2025 жылдың 22 наурызында өмірінің 72 жылында ұзақ аурудан кейін ERG компаниялар тобы мен Еуразиялық банктің негізін қалаушылардың бірі Александр Антонович Машкевич дүниеден өтті.

 

Александр Антонович Машкевич Қырғыз мемлекеттік университетін бітірген. Ол педагогика ғылымдарының кандидаты және философия ғылымдарының докторы.

 

Қазақстанның тау-кен-металлургия, энергетика және көлік секторларының бірнеше ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарын, содан кейін Eurasian Resources Group (ERG) біріктірген Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастықтың (ЕӨҚ) негізін қалаушылардың бірі ретінде ол көптеген жылдар бойы компанияны, соның ішінде 2014-2024 жылдары ERG Директорлар кеңесінің төрағасы ретінде белсенді, дамытып басқаруға тікелей қатысты. Сондай-ақ Александр Машкевич ұзақ уақыт бойы “Еуразиялық банк” АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болды.

 

ERG – де осы жылдар бойы орасан зор жұмыс атқарылып, көптеген инновациялық жобалар іске асырылды. еліміздегі жалғыз жоғары маркалы бастапқы алюминий өндірушісі Қазақстандық электролиз зауытын, сондай-ақ Ақтөбе ферроқорытпа зауытының №4 балқыту цехымен қоса, іске қосылуының арқасында кәсіпорын феррохром өндірісінің әлемдік көшбасшыларының тізіміне енген жаңа өндірістер құрылды.

 

Александр Антонович тау-кен металлургия секторының, банк саласы мен қаржы нарығының және Қазақстан экономикасының дамуына зор үлес қосты.

 

1999 жылдан 2024 жылға дейін Александр Антонович Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінде қызмет етті. Ол Кеңес алаңында өзекті мәселелерді талқылауға белсенді араласты.

 

2000 жылы Александр Машкевичтің бастамасымен Қазақстанның Еврей конгресі құрылып, оның президенті болып сайланды. Ол сондай-ақ Еуразиялық еврей конгресін басқарды. Оның қызметі ұлтаралық және конфессияаралық диалогты ынталандыруға бағытталған.

 

Александр Машкевичтің тікелей қамқорлығымен көптеген әлеуметтік және білім беру жобалары жүзеге асырылды.

 

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін “Құрмет” орденімен (2001 ж.), өндірістік, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық қызметтегі ерекше еңбегі үшін III дәрежелі “Барыс” орденімен (2011 ж.), еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында “Парасат” орденімен (2016 ж.), белсенді қоғамдық қызметі үшін І дәрежелі “Барыс” орденімен марапатталған (2021 ж.).

 

“Еуразиялық банк” АҚ ұжымы ERG компаниялар тобының мыңдаған ұжымымен бірге Aлександр Антонович Машкевичтің қайтыс болғанына қайғырып, туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.