logo
Қз

"ЕУРАЗИЯЛЫҚ БАНК" АҚ «7-20-25» ЖӘНЕ «БАСПАНА ХИТ» БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША 1 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АРТЫҚ СОМАҒА КРЕДИТТЕРДІ БЕРДІ

Пресс-релиз, Алматы қ., 27 мамыр 2019 жыл.  «Еуразиялық банк» АҚ (бұдан әрі — банк) 20.05.2019ж. күнгі жағдай бойынша “7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру” және “Нарықтық ипотекалық өнім” (“Баспана хит”) мемлекеттік ипотекалық бағдарламалар бойынша 2 382 451 742 теңге сомасына тең 208 өтінімді қабылдады, оның 1 081 717 048 теңге сомасына тең 92 өтінімді мақұлдады. Қос бағдарлама тиімді талаптарының арқасында жоғарғы сұранысқа ие. Клиенттердің ең жоғарғы белсенділігі Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында байқалады. 2019 жылғы “15” ақпаннан бастап Еуразиялық банк Қазақтанның 20 қаласындағы банктің филиалдарында/бөлімшелерінде “7-20-25” және “Баспана хит” мемлекеттік ипотекалық бағдарламалар бойынша өтінімдерді қабылдайды.

 

 

 «7-20-25» бағдарламасының талаптары:

  1. Сыйақы мөлшерлемесі: 7% (ЖТСМ жылдық 7,2%-дан бастап).
  2. Бастапқы жарна: тұрғын үйдің құнынан 20%.

Қарыз мерзімі: 25 жылға дейін.

  1. Тұрғын үйдің ең жоғарғы құны: Алматы, Нұр-Сұлтан (және олардың қала маңындағы ҚР заңнамасымен белгіленген шектеріндегі аймақтары), Ақтау, Атырау және Шымкент үшін 25 миллион теңге; 15 миллион — басқа аймақтар үшін.
  2. Қарызды алу мақсаты: жаңа салынған тұрғын үйді сатып алу.
  3. Қарызды беру және қызмет көрсету үшін комиссия: қарастырылмаған.
  4. Жылжымайтын мүлікті сақтандыру: жоқ.
  5. Қарыз алушыда меншік құқығы негізінде ҚР аумағында тұрғын үйінің болмауы.

 

«Баспана Хит» бағдарламасының талаптары:

  1. Сыйақы мөлшерлемесі: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі + 175 базистік тармақтар (ағымдағы күнге 10,75%) (ЖТСМ – ағымдағы күнге жылдық 11,3%-дан бастап).
  2. Бастапқы жарна: тұрғын үйдің 20%-нан кем емес.

Қарыз мерзімі: 15 жылға дейін.

  1. Тұрғын үйдің ең жоғарғы құны: Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтау, Атырау қалалары үшін 25 миллион теңге; 15 миллион — қалған аймақтар үшін.
  2. Қарызды алу мақсаты: жаңа салынған немесе қайталама тұрғын үйді сатып алу.
  3. Қарызды беру үшін комиссия – жоқ, қарызға қызмет көрсету үшін – қарастырылған, банктің тарифтеріне сәйкес (eubank.kz-тен қараңыз – “Банк туралы” – “Тарифтер”).
  4. Жылжымайтын мүлікті сақтандыру: міндетті түрде.

 

Еуразиялық банк өтінімдерді келесі мекенжайлар бойынша қабылдайды:

  • Ақтөбе қ., Қосжанов к-сі,7.
  • Қарағанды қ., Н.Әбдіров д-лы, 3/2.
  • Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік к-сі, 46.
  • Алматы қ., Байтұрсынұлы к-сі, 50-52.
  • Қостанай қ., Дулатов к-сі, 70
  • Атырау қ., Құлманов к-сі, 107.
  • Өскемен қ., Славский атынд. жағалау, 24/3.
  • Тараз қ., Абай к-сі, 142.
  • Ақтау қ., 5 ықш. ауд., 45 ү.
  • Павлодар қ., Набережная к-сі, 3.
  • Орал қ., Құрманғазы к-сі, 125.
  • Петропавл қ., Алтынсарин к-сі,168а.
  • Шымкент қ., Темірлан тас жолы, 1в.
  • Көкшетау қ., Момышұлы к-сі, 62/103.
  • Талдықорған қ., Гагарин к-сі, 136.
  • Қызылорда қ., Желтоқсан к-сі, 11 а.
  • Түркістан қ., Тәуке хан даңғ., 228.
  • Семей қ., Ибраев к-сі, Момышұлы к-сінің қ-сы, 153/16.
  • Екібастұз қ., Мәшһур Жүсіп к-сі, 54.
  • Жезқазған қ., Ғарышкерлер к-сі, 38.

 

Қарыз алушыға келесі талаптар қойылады:

  1. Құжатпен расталған табыстың бар болуы (соңғы жұмыс орнындағы өтілі 6 айдан кем емес).
  2. Қарыз алушыда/қосарлас қарыз алушыда «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үй қарыздары және басқа ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша өтелмеген берешектің жоқ болуы.
  3. Қосарлас қарыз алушылардың/кепілдік берушілердің ең көп саны: 3 жеке тұлғадан көп емес.
  4. Банктің кредиттік саясатына сәйкес кредиттеу кредит тарихы жағымсыз болған кезде, ағымдағы өтелмеген мерзімі кешіктірілген берешек бар болған кезде, сонымен қатар коллекторлық компанияның алдында өтелмеген несиелік берешек бар болған кезде жүзеге асырылмайды.


БАҚ үшін байланыс деректері:

“Еуразиялық банк” АҚ PR-қызметі:

+7 (727) 259-95-99, ішкі: 3362

press@eubank.kz
eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.