“Ерен еңбегі үшін” медалімен “Қазақстанның қаржы ұйымдары қауымдастығы” кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Ирина Кушнарева, “SkyBridge Invest” АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Шолпан Айнабаева, “Amanat” СК” АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Гульмира Прманшаева,”Еуразия” СК” АҚ-тың Қостанайдағы филиалының директоры Асель Жомартова, “НОМАД Иншуранс” СК” АҚ-тың Қарағанды филиалы директорының орынбасары Фаузия Нуртденова марапатталды.
Төраға Еуразиялық банк пен Қазақстан Халық Банкі корпоративтік кредит беру ісіне белсенді қатысатынын, шағын және орта бизнес үшін кредиттердің өсуі байқалатынын атап өтті.
Агенттік Төрағасы SkyBridge Invest жетекшісі Шолпан Айнабаеваның “Халықтық IPO” ауқымды бағдарламасын іске асыруға қосқан үлесін атап өтіп, 2022 жылғы төтенше жағдай және былтырғы ауқымды су тасқыны кезінде сақтандыру жағдайларын реттеу бойынша сақтандыру секторы өкілдерінің жұмысын жекелей атап өтті.
Агенттік басшысы қаржы нарығының қарқынды дамуындағы әйелдердің маңызды рөлін атап өтіп, бұдан әрі қарай да кәсіби табыстар тіледі.
Бүгінгі таңда әйелдер қаржы нарығындағы мамандардың жалпы санының 57% құрайды. Әйелдер жетекші сақтандыру ұйымдарын, инвестициялық компанияларды, сондай-ақ банктерді сәтті басқарып келеді. Бүгінгі таңда еліміздегі 21 банктің 10-ның басшылары әйелдер.