logo
Қз

АВТО, НЕСИЕ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР — «ҮШЕУІ БІРЕУІНДЕ» ХҚКО-НА БАРМАЙ-АҚ РӘСІМДЕҢІЗ

Еуразиялық банк жаңа автокөліктерді несиелеу үдерісін толықтай цифрландырды

Астана, 2025 жылғы 31 шілде — Еуразиялық банк жаңа автокөлікті сатып алуға арналған еліміздегі алғашқы тура цифрлық несиені іске қосқанын хабарлады. Енді өтінім беруден бастап көлікті тіркеу және мемлекеттік нөмірлерді алуға дейінгі барлық рәсім онлайн жүзеге асырылады. Eurasian Drive жобасы қазақстандық Allur автокөлік компаниясымен серіктестікте жүзеге асырылды.

 

Автосалоннан көлік таңдалған сәттен бастап рәсімдер орта есеппен бір сағаттан аспайды. Бұған дейін онлайн тіркеу тек қолдан көлік сатып алу кезінде ғана мүмкін болған, ал жаңа көлік сатып алушылар бастапқы тіркеу үшін құжаттардың қағаз нұсқасын ХҚКО-на өздері тапсыруы тиіс болатын.

 

ІІМ, ЦДИАӨМ, «Азаматтарға арналған үкімет» КеАҚ және «ҰАТ» АҚ қолдауымен интеграция жүргізіліп, нәтижесінде автокредит беру мәселесі автокөлік сатып алу уақытын барынша қысқартуға және клиенттің банкпен, дилермен және мемлекеттік органдармен өзара әрекетін жеңілдетуге мүмкіндік беретін алғашқы шын мәнінде өтпелі цифрлық процеске айналды.

 

«Серіктестерімізбен бірге біз автокөлік сатып алу процесін «үшеуі біреуінде» форматына дейін жеңілдеттік: автосалонда көлікті таңдау, несие рәсімдеу және техникалық паспорт алу қағазбастылықсыз және бюрократиясыз. Барлығы онлайн, бір сағаттан аспайды. Жаңа буындағы несиенің іске қосылуы нарық көшбасшысы ретінде біз үшін цифрлық қызметтерді дамытудың заңды қадамы және саланың ыңғайлылық, жылдамдық пен қауіпсіздік бойынша жаңа стандарты. Eurasian Drive мемлекеттік талаптардың барлығына сай келеді және толық ашықтықты қамтамасыз етеді. Бізбен бірге басқа нарық қатысушылары да осы бағытты қолдайды деп үміттенеміз.», — деп Еуразиялық банктің басқарма төрағасы Ләззат Сатиева ойын білдірді.

 

Автокөлікті рәсімдеу процедурасы бірнеше автоматтандырылған кезеңдерден тұрады. Автосалоннан көлік таңдалғаннан кейін, менеджер жүйеге клиенттің деректерін енгізеді – тек ЖСН мен телефон нөмірі жеткілікті, сонымен қатар көлік параметрлері мен бастапқы жарна мөлшері көрсетіледі. Қаржыландыру мақұлданған соң, клиент, банк және автосалон арасындағы барлық құжаттар мен шарттар ЭЦҚ көмегімен онлайн түрде рәсімделеді, ал бастапқы жарнаны банк картасы арқылы немесе автосалон кассасында төлеуге болады.

 

Мәміле расталғаннан кейін жүйеде цифрлық құжаттар топтамасы автоматты түрде қалыптасады және көлікті тіркеу процесі басталады. Осы кезеңде клиент жүйе арқылы тіркеу нөмірін (VIP нөмірді қоса алғанда) таңдайды, мемлекеттік баж салығын төлейді, тұлғасын растайды және ІІМ-ге өтініш береді, сондай-ақ көлікке банк кепілдігін рәсімдейді. Техпаспорт бірден цифрлық құжаттар бөлімінде көрінеді. Мемлекеттік нөмірлер мен құжаттардың түпнұсқасын арнайы ХҚКО-нан кезексіз, өзіне ыңғайлы уақытта алуға болады.

 

«Елімізде цифрландыру қарқынды дамып келеді, және күнделікті өмірдегі үдерістердің адамдар үшін жеңілдей түскені қуантады. Жаңа автокөліктерді сатып алу кезінде алғашқы онлайн тіркеу қызметінің іске қосылуы ыңғайлы әрі заманауи клиенттік тәжірибеге жасалған маңызды қадам. Біз бұл жобада толық техникалық интеграцияны қамтамасыз етіп, қазақстандықтар үшін алғашқы толық цифрлық автонесиенің бір бөлшегі болғанымызды мақтан тұтамыз. Осы ерекше жобаны жүзеге асырғаны үшін Еуразиялық банкке серіктестік және технологиялық қолдау үшін алғыс білдіреміз. Адамдардың қажеттіліктері өзгеріп жатыр олар қарапайым, түсінікті және жедел шешімдерді күтеді. Біз де сол сенім үдесінен шығуға тырысамыз.», — деп «Allur КТ» АҚ бөлшек сауда бағыты басқарушы директоры Мұхамед Әлімханов атап өтті.

 

Бұл шешім жылдамдықты, ашықтықты және қолайлылықты бағалайтындар үшін жасалған. Толығымен цифрлық автонесие Allur автосалондарында қазірдің өзінде қолжетімді.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.