Еуразиялық банк International Finance журналының “Шағын және орта бизнеске арналған үздік автокредит” халықаралық марапатына ие болды.
International Finance Banking Awards инновация, инфрақұрылымды дамыту және клиентке көңіл аудару саласында көшбасшы болып табылатын банктердің салалық жетістіктерін марапаттап отырады. Жеңімпаздарды үміткерлердің бағдарламаларын қарап, талқылау арқылы әртүрлі елдердің осы саладағы сарапшыларынан құралған зерттеу тобы анықтайды. Марапаттау 2013 жылдан бері жыл сайын өткізіледі.
“Шағын және орта бизнес үшін автокредит беру біздің Банктің ең көп сұранысқа ие бағдарламаларының бірі болып табылады. Біз кәсіпкерлерге өз бизнесін шын мәнінде ілгері жылжытуға көмектесетін пайдалы және бірегей өнім жасауға тырыстық. Марапат біз үшін жағымды тосын сый болды десек болады. Халықаралық сарапшылардың назары біздің кредиттік бағдарламаға ауғанына қуаныштымыз. Коронавирус пандемиясы кезеңінде оның маңызы бұрынғыдан бетер арта түсті, өйткені бизнес ерекше қолдауды қажет етеді”, – деді өз әсерімен бөліскен Басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Сатиева.
Бизнес үшін көлік сатып алуға кредит беру бағдарламасы 2019 жылғы наурызда басталып, бүгінгі күні оның банк ШОБ портфеліндегі үлесі 21%-ды құрайды. Кредит мемлекеттік қолдау бағдарламалары шеңберінде де, Еуразиялық банктің өз талаптарымен де берілуі мүмкін.
ШОБ үшін көлік ұсыну өнімі процестерді автоматтандырудың оң әсерінің көрнекі мысалы болып табылады. Бұл жағдайда кредиттік өтінім жеңілдетілген және жеделдетілген түрде қаралады. Жалпы алғанда алу рәсімі 30 минуттан аспайды.
Бүкіл банк саласы үшін ШОБ үшін автокредит беру әлеуеті өте жоғары екені даусыз және Еуразиялық банк осы банк қызметін одан әрі дамытудың жолын бастап көрсетті.
Қосымша ақпарат алу үшін
Еуразиялық банктің баспасөз қызметіне
press@eubank.kz эл.мекенжайына хабарласыңыз