Қазақстандағы ең ірі автоөндіруші — “СарыарқаАвтоПром” ЖШС Еуразиялық банкпен бірлесіп, Қостанайдағы зауытта KIA модельдерін құрастыра бастады. Жаңа өндірістік желіні іске қосу рәсіміне Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин қатысты.
Бөлшек автонесиелеу нарығындағы көшбасшы — Еуразиялық банк автомобиль өндірісіне де қолдау көрсете бастады. 2020 жылы ашылған 30 миллиард теңге көлеміндегі үшжылдық несие желісі аясында банк Chevrolet және KIA модельдері бойынша машина жиынтықтарын сатып алу үшін “СарыарқаАвтоПром” ЖШС-ін қаржыландыруда.
“Елімізде өзімізде құрастырылған автомобильдерге деген сұраныс үнемі өсіп келеді. Несиеге сатып алынған үш көліктің екеуі Қазақстанда шығарылған.Банктің отандық автомобильдер өндірісін қаржыландыруының арқасында олар қазақстандықтар үшін қолжетімді болуда”, — деді Банк Басқармасының Төрағасы Валентин Морозов.
“СарыарқаАвтоПром” ЖШС — ұсақ тораптық әдіс (CKD) бойынша жеңіл автомобильдер өндірісін іске қосқан, сондай-ақ көлік құралдарының барлық түрлерін өндіруді жүзеге асыратын ҚР аумағындағы алғашқы өндірістік алаң. Өндірілетін өнімдер желісі KIA, JAC, Chevrolet, Niva Chevrolet, Ankai және MAN брендтері арқылы ұсынылды. Дилерлік орталықтар ҚР барлық аймақтарында жұмыс істейді. Зауыттың қуаттылығы жылына шамамен 75 мың автомобильді құрайды.
“Еуразиялық банк” АҚ — Қазақстанның әлеуметтік-маңызды қаржылық институты, 26 жыл қатарынан активтер мен меншікті капитал мөлшері бойынша тұрақты түрде қазақстандық ірі банктердің ондығынан табылып келеді. Корпоративтік клиенттер мен ШОБ клиенттеріне қызметтердің кең спектрін ұсынады, автонесиелеу, POS-несие беруді, төлем карталарын, мобильді банкингті және жалақы жобаларын белсенді дамытады және осы салаларда жетекші орындардың бірінде. Банк ел бойынша филиалдар желісі кеңінен таралған сенімді және тұрақты қаржылық институт ретінде Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКБҚ) кепілді өтемақы төлеу жөніндегі агенті ретінде үш рет таңдалды.
“Еуразиялық банк” АҚ
баспасөз қызметі
press@eubank.kz