Астана, Алматы, 2025 жылғы 3 қыркүйек – Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының (ҚКҚ) қолдауымен Екінші деңгейдегі қазақстандық банктер: ” «Kaspi Bank» АҚ, «Forte Bank» АҚ, «Еуразиялық банк» АҚ пен «Alatau City Bank» АҚ бірлескен мәлімдеме жасауды қажет деп санайды.
2025 жылғы 2 қыркүйекте Ақмола облысы прокуратура органдары банк қызметкерлері қатысқан ҰҚТ туралы ақпаратты жариялады.
Банктер өздерінің бұрынғы немесе қазіргі қызметкерлерінің осы тергеуге қатысушы екендігі туралы прокуратура органдарынан ресми хабарлама алған жоқ. Қазіргі уақытта банктер прокуратура органдарына осы іс бойынша ақпарат беру туралы сұрау салуға ниетті.
Ағымдағы сәтте банктер өздерінің бұрынғы немесе қазіргі қызметкерлерінің аталған қылмыстық іске қатыстылығы туралы нақты дерегі жоқ.
Жарияланған ақпаратты растайтын ресми құжаттарды алғаннан кейін барлық банктер құқық қорғау органдарына клиенттердің кез келген құқықтары мен мүдделерінің бұзылғанын тергеу жұмыстарына барынша жәрдем көрсетуге дайын.
Жоғарыда аталған барлық банктер өздерінің іскерлік беделін бағалайды және өздерінің қызметтерін Қазақстан Республикасының заңдарына және өзге де юрисдикцияларға, халықаралық келісімдерге, ҚР уәкілетті органдарының нормативтік-құқықтық актілері мен сондай-ақ ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес ашық әрі толық жүзеге асырады.
Қазақстанның кәсіби Қаржы қоғамдастығы прокуратура органдарын және Қазақстан Республикасының өзге де құқық қорғау органдарын қаржы институттарының іскерлік беделіне қауіп төндіруі мүмкін сезімтал тақырыптар жөнінде жария мәлімдемелерге салмақты қарауға шақырады.