2011 жылғы 28 сәуірден 1 мамырға дейін Алматы қаласында Қазақстан футболының тарихында алғаш рет футзал бойынша УЕФА кубогының «Төрттік финалы» өтеді. Аталған турнирдің қорытындылары бойынша Еуропадағы 2010/11 маусымның ең мықты клубы анықталады. Жеңімпаз жарыстың құнды символы – УЕФА-ның абыройлы кубогына ие болады. Еуразиялық Банкке беделді трофейді сақтауға жоғары сенім артылды.
Қазақстандық «Қайрат» футбол клубы осы еуропалық турнирге қатысады. «Балуан Шолақ» спорт сарайында 29 сәуірде өтетін жартылай финалдарда жергілікті «Қайрат» «Спортингпен» жарысқа түседі, ал өзге португалдық «Бенфика» командасы италиялық «Монтесильвано» командасымен күш сыныспақ. Үшінші орын үшін жарыс және финал сол жерде, екі күннен соң өтеді.
«Еуразиялық банк» АҚ басқармасының төрағасы Майкл Эгглтон спорт аренасында кең тарала бастаған қазақстандық футзал үшін мақтаныш сезімін білдірді. «Аталған халықаралық турнирге «Қайрат» футбол командасының қатысуы – Қазақстан елі және халқы үшін зор мақтаныш. Еуразиялық Банк үшін беделді футбол трофейінің сақтаушысы болу – үлкен абырой», – деп атады Эглтон мырза.
УЕФА кубогын тапсыру салтанаты 22 сәуірде сағат 17.00-де Еуразиялық Банктің «Столичный Центр» VIP бөлімшесінде өтеді. (Абылай хан даңғылы, 92/87, Алматы қаласы). Шараға банк өкілдері, мерекенің арнайы қонақтары мен журналистер қатысады.
УЕФА кубогы туралы
УЕФА кубогы «Чемпиондардың мини-футбол лигасы» деп жиі аталады – ол футзал бойынша басты және ең беделді клубтық турнир деп саналады. Кубокта ең мықты еуропалық командалар жарысқа түседі. Отандық футзалдың флагманы – ұлттық біріншіліктің қайталанбас көшбасшысы, көп дүркін чемпион және ел кубогының иегері, УЕФА кубогының ұдайы қатысушысы, 2009 жылғы маусымның қола медальдарының иегері алматылық «Қайрат» клубы болып табылады. Турнир Еуропаның ең мықты клубын анықтайды және ол осы жылы Алматы қаласында өтеді.
«Евразиялық банк» АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде 1994 жылғы 26 желтоқсанда тіркелген. Банктік операциялар жүргізуге арналған бас лицензияны 1995 жылғы 2 ақпанда алды. Қазіргі кезде Банк қызметін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2007 жылдың 29 желтоқсанындағы № 237 Бағалы қағаздар нарығында банктік және өзге де операциялармен және қызмет түрлерімен айналысу жөніндегі лицензиясы негізінде жүзеге асырады.
Евразиялық Банк клиенттік базаны кеңейту, банкті филиалдар желісі дамыған ашық, әмбебап қаржы институтына айналдыруды көздейтін стратегия негізінде жұмыс істейді. Бүгінгі таңда Қазақстан қалаларында Банктің 18 филиалы мен 48 бөлімшесі бар.
Банк ірі корпоративтік клиенттер, шағын және орта кәсіпорындар үшін, сондай-ақ жеке тұлғалар үшін де ұзақ мерзімді және сенімді серіктес болуға сенім білдіреді.
«Еуразиялық банк» АҚ Баспасөз қызметі
тел. +7 (727) 259 79 00 (3288)
Inna.Dubrovina@eubank.kz