logo
Қз

Biz Birgemiz Qazaqstan қорына жасалған қайырымдылық туралы

Біз жұртшылықтың еліміздегі барлық қайырымдылық саласының беделін түсірген Biz birgemiz Qazaqstan қорының алаяқтық әрекеттеріне білдірген наразылығымен келісеміз.  Бұл жағдай қайырымдылық қорларын тексеруді күшейту қажеттілігін растайды.

 

Негізгілерді нақтылайтын болсақ:

 

2024 жылғы сәуірдегі су тасқыны кезінде Biz Birgemiz Qazaqstan қоры ең танымал қор ретінде Smartbank мобильді қосымшасының “Қайырымдылық жарналары” бөліміне зардап шеккендерге жедел көмек көрсету және клиенттерге ыңғайлы болу мақсатында ғана қосылды.

 

Оның деректемелерін енгізер алдында Қор барлық заңнамалық және ішкі талаптарға сәйкес комплаенс қызметінің стандартты тексерісінен өтті. Ол кезде тәуекелдер немесе әшкереленетін  ақпарат анықталған жоқ — Қордың ТЖ-ны жоюға белсенді қатысушы ретінде жария мәртебесі болды.

 

Еуразиялық банк Biz Birgemiz Qazaqstan қорымен серіктестік қарым-қатынаста болған емес және оған ешқандай қаражат аудармады.  Біз тек клиенттерге хабарланған ондаған басқа қайырымдылық ұйымдары сияқты жеке аударымдар үшін ғана техникалық мүмкіндік бердік.

 

Biz Birgemiz Qazaqstan қоры басшылығының атына тағылған айыптар белгілі бола салысымен, оның деректемелері мобильді қосымшадан жедел түрде жойылды.

 

Еуразиялық банк су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге өз бетінше көмек көрсетуге қатысып, жергілікті жерлерде тікелей жұмыс істеген қорларға жалпы сомасы 10 млрд теңге өз қаражатын жіберді. Бұл ұйымдар су тасқынынан зардап шеккендерге атаулы көмек көрсетті, инфрақұрылымы мен тұрғын үйлерді қалпына келтіруді қаржыландырды, олардың жұмыстары құжат жүзінде расталып, ел есінде қалды.

 

Біздің ерекшелігіміз – мұқтаж адамдардың тиімді көмек алатындығына кепілдік беру.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.