logo
Қз

«Астана Банкі» клиенттеріне міндеттемелердің 93,7%-ы төленді

Баспасөз релизі, Алматы қ., 2019 жылғы 21 ақпан

 

«Еуразиялық банк» АҚ (бұдан әрі – банк) «Астана Банкі» АҚ клиенттеріне шамамен 35,2 млрд теңге сомасына кепілдік берілген өтем төледі, бұл «Астана Банкі» салымшыларының алдындағы 37,5 млрд теңге мөлшеріндегі міндеттемелердің жалпы сомасының 93,7%-ын құрайды. Бір салымшыға қызмет көрсету үшін орташа алғанда 5-15 минут уақыт жұмсалды.  Төлемдер 2019 жылғы 26 қаңтардан басталды, Еуразиялық банк осы уақыт ішінде «Астана Банкі» АҚ-тың 41 866 клиентіне қызмет көрсетті. Бұдан басқа, 3211 клиент төлем картасына қашықтықтан тапсырыс беру мүмкіндігін таңдады, оларға шамамен 2,1 млрд теңге аударылды.

 

«Астана Банкі» АҚ клиенттері легінің айтарлықтай азаюына байланысты Еуразиялық банк Қазақстанның ірі қалаларында «Астана Банкінің» салымшыларына төлемдер жүргізген 9 арнайы орталығын жапты. Өтем төлеу  Еуразиялық банктің жеке тұлғаларға қызмет көрсететін барлық бөлімшелерінде 2019 жылғы 26 шілдеге дейін бөлімшелердің жұмыс тәртібіне сәйкес жалғасатын болады.

 

Еуразиялық банктің веб-сайтында — eubank.kz — онлайн  режимінде бөлімшелерде кезекте тұрған клиенттердің санын көруге болады. Сондай-ақ сайттан төленуі тиіс кепілдік берілген өтем сомасын тексеріп қарауға болады.

 

Өтем «Астана Банкі» АҚ клиенттерінің салымдары, ағымдағы шоттары мен төлем карточкалары бойынша жинақталған сыйақыны ескерумен Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының қаражатынан төленеді.  26 шілдеден кейін агент банктің бөлімшесіне өтініш жасамаған салымшылар тікелей Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына өтем төлеу туралы өтініш беріп, өтемді қолма-қол ақшасыз аударыммен алуына болады.

 

Банк туралы

 

Еуразиялық банк – Қазақстанның 24 жылдық даму тарихы бар әлеуметтік маңызды коммерциялық банкі. Қаржы институты бөлшек банкинг нарығында көшбасшы жайғасымға ие, корпоративтік клиенттер мен ШОБ клиенттеріне ауқымды қызмет түрлерін көрсетеді. Активтері мен меншікті капиталының мөлшері жағынан Қазақстанның екінші деңгейдегі жетекші банктерінің ондығына кіреді, бөлшек кредит беру нарығында аса ірі ойыншы.

 

«Еуразиялық банк» АҚ PR-қызметі:                  

+7 (727) 259-95-99, ішкі: 3453

press@eubank.kz                                                          

eubank.kz        

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.