logo
Қз

«Еуразиялық банк» АҚ Infinidat ақпараттарды сақтайтын жаңа жүйені енгізді

2018 жыл тамыздың 29-ы, Алматы қ., Пресс-релиз «Еуразиялық банк» АҚ (ары қарай — банк) InfiniBox ақпараттарды сақтайтын жаңа жүйеге ие болды.
Соңғы екі жылдың көлемінде банк кәсіп саласында табыстың өсуі бойынша жоғары көрсеткіштерді көрсетуде, сондықтан да барлық IT-жүйесіне жұмыс мөлшері мен банктің ақпараттарды сараптауы ұлғайды. Жоғары дәрежеде және жаңа сенімді түрде ақпараттарды сақтау жүйесінің қажеттілігі пайда болды. Жүйенің осы дәрежедегі заманауи стандарттарына сәйкес келетін израиль-америкалық Infinidat компаниясының инновациялық шешімі Eurasian Bank-тің IT-департаментінің көңілінен шықты:

  • жүйенің рекордты өнімділігі IOPS-та 500 мың (IOPS — ақпараттарды сақтау жүйесінің орындайтын операцияларды енгізу-шығару саны, секундына);
  • 99,9999%-ға сәйкес келетін жүйенің сенімділігі;
  • 10 ТБ-дан 4ПБ-ға дейінгі көлемді кеңістікті икемді ұлғайту мүмкіншілігі;
  • оңай және түсінікті интерфейс.

«Еуразиялық банк Infinidat әлемдік жоғарғы санат ұсынған ақпараттарды сақтау жүйесін Қазақстанда бірінші болып қолдануда. Әдетте, осындай дәрежедегі жүйені іске қосу үшін 2 аптадан 4 аптаға дейін уақыт кетеді. Infinidat жағдайында 4 сағат жинауға және 4 сағат жүйені іске қосу үшін уақыт кетті. Келесі күні екі сағат уақыт жүйе жайлы ақпаратты оқуға кетсе, процессті енгізу жұмыстары да аяқталып қалды. Жүйе — өте түсінікті және ыңғайлы. Ол өз-өзін үйретеді: мысалы,  жүйенің бағдаржолы болашақ операцияларды болжайтындықтан, бұл барлық инфраструктураның ақпараттарды тиімді сараптауына мүмкіндік береді», — деп Еуразиялық банктің басқарма төрағасының орынбасары Олег Печенкин айтты.

Infinidat шешімі аздаған уақыттың ішінде қолжетімділік пен негізгі сенімді банк қызметін ұлғайтуға көмек көрсетті. Одан бөлек, жүйенің енгізілуі банктің операциялық шығындарды азайтуға көмек береді, ал келешекте IT-инфраструктураға салым салу жоспарлануда.

«Еуразиялық банк» АҚ PR-қызметі:

+7(727) 2599 599 ін. 3453, press@eubank.kz

 

Infidat компаниясы жайлы

INFINIDAT компаниясы  СХД корпоративті санаттағы сатулармен, оларды өндіру және шығару жұмыстарымен айналысатын Изральдағы жаһандық комапания. INFINIDAT корпоративті СХД-ның парадигмасын өзгерту, капиталды және операциялық шығындарды азайту, одан бөлек, жалпы инфраструктурадағы қиындықты төмендету жұмыстарымен айналысады. INFINIDAT компаниясы 1,6 миллиард долларға бағаланады. Сыртқы қаржыландыруы 325 миллион USD, оның ішінде, 2017 жылы қазан айында  95 миллион USD Goldman Sachs және TPG Growth құрайды. Ресей мен Қазақстанда INFINIDAT сақтандыру жүйесін: Еуразиялық банк, Онланта, DataLine, Softline, УРАЛСИБ Сақтандыру сынды танымал компаниялары қолданады.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.