2018 жылғы “22” ақпан, Алматы қ., Пресс-релиз 2018 жылғы “14” ақпанда “Еуразиялық банк” АҚ (бұдан әрі – “Банк”) Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында қазақстандықтарды кәсіпкерлікке тарту және жаңадан бастап жүрген кәсіпкерлерді қолдау үшін “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ-тан (бұдан әрі – “Қор”) 1 125 553 000 (бір миллиард жүз жиырма бес миллион бес жүз елу үш мың) теңге алды.
Бұл соманың 1 015 000 000 (бір миллиард он бес миллион) теңгесі Алматы қ. бизнесін жеңілдікпен кредиттеу үшін бөлінді, 51 714 000 (елу бір миллион жеті жүз он төрт мың) теңге – Алматы облысына, 58 839 000 (елу сегіз миллион сегіз жүз отыз тоғыз мың) теңге – Шығыс Қазақстан облысындағы жеңілдікті кредиттер үшін бөлінді.
Кредит беру талаптары: сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6%, комиссиялар жоқ, кредит беру мерзімі – инвестицияларға 60 айдан ұзақ емес, айналымдағы қаражаттарды толықтыру мақсатына берілетін қарыздар бойынша – 36 айдан ұзақ емес. Кредиттер сауда саласында іске асырылатын жобалар бойынша айналымдағы қаражаттарды толықтыруды қоспағанда, ешбір салалық шектесіз беріледі (ҚР ИСМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің 14.12.2017ж. №683-ОД бұйрығымен бекітілген “Көтерме және бөлшек сауда: автокөліктерді және мотоциклдерді жөндеу” ЭКЖЖ, 45.20 және 45.40 ЭКЖЖ кластарымен қарастырылған автокөлік құралдарын және мотоциклдерді жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсетуді қоспағанда.) Банктің кепіл саясатының талаптарына сәйкес қамтамасыз ету ретінде жылжымайтын мүлік және өтімді жылжымалы мүлік немесе “Даму” ШКДҚ кепілдігі ұсынылуы тиіс.
Осыған дейін Еуразиялық банк келесі бағдарламаларды іске асыруға қатысқан: «ДАМУ Өндіріс» 1-транш – 3 000 000 000 теңге, «ДАМУ Өндіріс» 2-транш – 2 000 000 000 теңге, «ДАМУ Өндіріс» 3-транш – 2 000 000 000 теңге, «ДАМУ Өндіріс» аймақтар 3-1 – 400 000 000 теңге, Жамбыл ЖАО – 80 000 000 теңге. Аталмыш барлық транштар толығымен игерілді.
Банк туралы
Еуразиялық банк – 24 жылдық даму тарихы бар әрі Қазақстандағы әлеуметтік маңызы зор коммерциялық банктердің бірі. Қаржы институт бөлшек банкинг нарығында озық позицияларға ие, корпоративтік клиенттерге және ШОБ клиенттеріне сан түрлі қызметтерді көрсетеді. 2017жылғы 4 қыркүйекте Еуразиялық банктің Директорлар кеңесі бөлшек бизнестің дамуын көздеумен жасалған қаржы институттың 2022 жылға дейінгі даму стратегиясын қабылдады. Еуразиялық банк «ERG» ірі әртараптандырылған компаниясының иелері Александр Машкевичке, Алиджан Ибрагимовқа және Патох Шодиевке тиесілі.
“Еуразиялық банк” АҚ PR-қызметі:
+7(727) 2599 599 ішкі 3453