2018 жылғы “27“ ақпан, Пресс-релиз, Алматы қ. “Еуразиялық банк” АҚ (бұдан әрі – “Банк”) “Еуразиялық банк” АҚ Директорлар кеңесінің шешімі негізінде Басқарамаға жаңа мүшелер сайланғаны жайлы хабарлайды.
Шухрат Абдирасулович Садыров Басқарма Төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Садыров мырзаның жауапкершілік саласына ШОБ және корпоративтік бизнес блогын дамыту кіреді. Шухрат Садыров 2003 жылдан бері банктік салада жұмыс істеуде, оның жетістіктерінің ішінен «Сбербанк», АТФ Unicredit group сияқты банктердің корпоративтік қоржын мөлшері бойынша ҚР екінші деңгейлі банктердің арасында озық орындарды алуларын және “Даму” қорының желісі бойынша ШОБ-ты қолдау бағдарламасына белсенді қатысуларын атап өткен жөн. Massachusetts Institute of Technology, London School of Business и Cranfield School of Management түлегі, іскерлік әкімшілік ету магистрі және қаржы бойынша магистрі дәрежесіне ие, “Болашақ” бағдарламасының түлектер ассоциациясының Кеңес мүшесі болып табылады.
Иван Владимирович Белохвостиков басқарушы директор лауазымынан “Еуразиялық банк” АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымына ауыстырылды, ол банктің бөлшек бизнесіне жетекшілік етуді жалғастырады. Белохвостиков мырза Societe Generale, BNP Paribas, Россельхозбанк, Пробизнесбанк және МТС-Банк сияқты ірі халықаралық және ресейлік банктік топтарда бөлшек, корпоративтік бизнесті дамытуда 12 жылдық тәжірибесі бар. Бөлімшелерді залалды жағдайдан шығаруда, бюджеттің орындалуын бақылауда, табыс пен кепілдікті қоржынның өсуін қамтамасыз етуде (14% пен 63%-ға тиісінше), серіктестік және телемаркетинг сияқты тартудың жаңа каналдарын енгізуде, банктің филиалдық желісінде (100 офистен астам) бөлшек және шағын бизнестің сатуларын басқаруда тәжірибесі мол. Жетістіктері ішінен банкті (Paribas Vostok) 1 жылдан аз уақыт ішінде бөлшек кредит беруден үздік 10-қа кіргізгенін және бар болу аймақтарының санын екі есе арттырғанын атап өткен жөн. Клиенттік сервис жұмысын түрлендірумен, NPS енгізумен, шағымдармен жұмыс жүргізу амал-тәсілдерін өзгертумен айналысты.
Жоғарғы инженерлік-техникалық білімі бар (ЕТ және АЖ бағдарламалық жасақтамасы), техникалық ғылымдардың кандидаты, МВА (менеджмент).
Сабыржан Мадиевич Бекбосунов Басқарма төрағасы орынбасарының лауазыма ауыстырылды, жауапкершілік аймағы – банктің қауіпсіздік қызметі. Бекбосунов мырза – 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі, 37 жыл бойы құқық қорғау органдарында жұмыс істеді, 2003 жылдан бастап 2006 жылға дейін әділет вице-министрінің лауазымында болған. «Құрмет» және «ІІ дәрежелі «Даңқ» ордендерінің және «Астана», «Ерен еңбегі үшін», «ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «10 жыл Астана» медальдарының иегері. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін “құқықтану” мамандығы бойынша тәмәмдады.
Дина Зейнеловна Катекова банктің басқарушы директоры лауазымынан Басқарма төрағасының орынбасары лауазымына ауыстырылды. Ол жобаларды кредиттік талдау, заңды тұлғалардың – ықтимал клиенттердің (кепіл берушілердің, кепілгерлердің) қаржылық жағдайын талдау атқарымдары кіретін банктің талдау блогына жетекшілік етуді жалғастырады. Катекова ханым ҚР қаржылық жүйесінде 2011 жылдан бастап жұмыс істеп жатыр, көпжылдық жұмыс тәжірибесі бар, оның ішінде банктерде және басқа қаржылық ұйымдарда корпоративтік кредит беру және стратегиялық даму салаларында топ-менеджер лауазымда жұмыс істеген. «АТФ Банк», «Отан» АЖЗҚ, «Standard Ins» СК, «КазЭкспортГарант» СК. “Математика және информатика” мамандығы бойынша жоғарғы білімге ие, қаржы бакалавры.
Осылайша “Еуразиялық банк” АҚ Басқармасының құрамы:
Павел Логинов – Басқарма төрағасы
Олег Печенкин, Нұрбек Аязбаев, Шухрат Садыров, Иван Белохвостиков, Дина Катекова, Сабыржан Бекбосунов – Басқарма төрағасының орынбасарлары, Басқарма мүшелері.
“Еуразиялық банк” АҚ PR-қызметі:
+7(727) 2599 599 ішкі 3453