logo
Қз

Еуразиялық банк журналистерді мотожарыстарға баруға шақырады

Еуразиялық банк журналистерге арналған  үшінші жыл сайынғы конкурстың басталғаны туралы жариялайды. Осы жылдың тақырыбы – мотожарыскерлердің мотоцикл спидометрлеріндегі шектен тыс көрсеткіштерден мобильді және сандық технологияларды енгізу есебінен банктік операциялардың жеделдігіне дейінгі барлық түрдегі жылдамдық.

Жалпы шарты – материалда Moto GP, Movistar Yamaha MotoGP командасы, оның атақты мотошабандоздары Хорхе Лоренцо мен Валентино Росси және Еуразиялық банк туралы мәлімет болуы керек. Республикада және әлемде жылдамдық пен мотоспорт тақырыбына қызығушылық танытатын қазақстандық журналистер конкурсқа қатысуға шақырылады. Спорт және спорт төңірегіндегі, елге халықаралық дәрежедегі жарыстар ұйымдастыру үшін қажетті инвестициялар талдауынан бастап мотоспорт жұлдыздарымен сұхбатқа дейінгі мотоспортқа қатысты экономикалық және көңіл көтеру тақырыбына байланысты кез келген жұмыстар қабылданады.

Үздік материал авторы 2015ж. қарашада Сан-Маринода өткізілетін Гран-При MotoGP жарыс кезеңдерінің біріне жолдама алады. Еуразиялық банк ұшу, тұру және құжаттарды ресімдеу шығындарын өз жауапкершілігіне алады.

Бас жүлдеге қоса, ұйымдастырушы ең қызықты деген  материал авторларына үш ақшалай сыйлық береді:
1. 200 000 теңге
2. 100 000 теңге
3. 50 000 теңге

Конкурстың мақсатын түсіндіре келе, Еуразиялық банктің басқарма төрағасы Майкл Эгглтон: «Еуразиялық банк өз атын  Moto GP әлемімен және әлемнің төрт дүркін чемпионы  Хорхе Лоренцомен байланыстыруы тегіннен емес. Бүгінгі таңда банктер арасындағы бәсекелестік операциялар жылдамдығы мен қолайлы технологиялар тұрғысында жедел даму үстінде. Жылдамдық пен технологиялар – бұл Еуразиялық банк пен Movistar Yamaha MotoGP командасы үшін ортақ ұғым. Хорхенің жарыстағы жылдамдығы мен банк қолданатын технологиялар біздің клиенттеріміздің табысын арттыра түседі. Хорхенің соңғы жеңісі барлық ТУРБО-карталар, MotoGP карталары мен банктің жалақылық карта иелерінің кэшбэк мөлшерін екі еселеді», – деді.

БАҚ өкілдеріне арналған конкурс басқа конкурспен қатар өткізіліп отыр: Еуразиялық банк қазақстандықтарға ең әдемі Umbrella Girls – «қолшатыр ұстаған аруларды» таңдауды ұсынып отыр. Бұл мотоспорттың көп жылғы дәстүрі – арулар жарыс алдында жарыскерлердің үстінен күн мен жаңбырдан қорғайтын қолшатыр ұстап тұрады. Ол спортшыларды жеңіске шабыттандырады деп саналады. Қазақстандық екі ару Сан-Маринода өткізілетін Гран-При MotoGP-дің 13-кезеңіне жолдама алады. Банк журналистерді дауыс беру барысы туралы ақпараттандыратын болады.

Конкурсқа 2015 жылғы 5 маусымнан бастап 2015 жылғы 30 шілдеге дейінгі кезеңде қазақ немесе орыс тілінде жарияланған мақалаларды, бейнесюжеттер мен аудиобағдарламаларды жіберуге болады. Қазылар коммерциялық негізде орналастырылған жарнамалық материалдар мен сюжеттерді қарастырмайды. Конкурстық жұмыстар 2015 жылғы 30 шілдеге дейін қабылданады. Жеңімпаздардың аты-жөні 3 тамыздан кейін белгілі болады.

Жұмыстарды bankeurasian@gmail.com мекенжайына «БАҚ конкурсы үшін» белгісімен жолдау керек. Ілеспе мәтінде ТАӘ, жұмыс орны мен байланыс телефонын көрсетіңіз.
Анықтама: 
«Еуразиялық банк» АҚ – барлық сегменттің клиенттері үшін өнімдері мен қызметтерін ұсынушы әмбебап банк. 1994 жылы іргесі қаланған банк бүгінгі таңда Қазақстанның барлық өңірлерінде жұмыс істейді. Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі, Новосибирск және Омск қалаларында филиалдары бар. S&P соңғы рейтингі: «тұрақты» болжамымен В+, KZRating: халықаралық шкала бойынша ВВ, ұлттық шкала бойынша А, болжам «тұрақты». KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы.
Банктің табысты қызметі келесі аталған номинацияларындағы марапаттармен расталған: «Қазақстанның үздік банкі» – IAIR, 2014ж., «Қазақстанның үздік банкі» – EMEA Finance, 2013 және 2014жж., «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» – Asian Banking & Finance, 2012 және 2013ж.ж., «Қазақстанның үздік банкі» – Euromoney, 2012ж. және «Қазақстандағы жыл банкі» – The Banker, 2012 және 2014жж.

 «Еуразиялық банк» АҚ Баспасөз қызметі
тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 3288)
press@eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.