logo
Қз

Еуразиялық банк Директорлар кеңесінің құрамы өзгерді

Алматы, 2025 жылғы 11 тамыз — «Еуразиялық қаржы компаниясы» АҚ — «Еуразиялық банк» АҚ-ның жалғыз акционері, қаржы институтының Директорлар Кеңесінің құрамындағы өзгерістерді бекітті.

 

«Еуразиялық банк» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Александр Антонович Машкевичтің 2025 жылғы наурыз айында қайтыс болуына байланысты оның өкілеттілігі акционердің шешімі бойынша тоқтатылды. 1998 жылдан бастап Александр Антонович Машкевич Директорлар кеңесін басқарып, банктің қалыптасып дамуына маңызды үлес қосты.

 

Акционердің басқа шешімі негізінде Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде Жанбота Темиргалиевич Бекенов қайта сайланды. Директорлар кеңесі құрамының жаңа тәуелсіз директоры ретінде Ерлан Рысханович Мусин сайланды.

 

Жанбота Бекенов — қаржы аудиті мен бухгалтерия саласындағы Қазақстанда танылған сарапшы. Бұрын 2018 жылдан 2024 жылға дейін Бекенов мырза «Еуразиялық банк» АҚ Директорлар кеңесінің құрамында тәуелсіз директор ретінде болған.

 

Ерлан Мусин — кәсіиби қаржыгер және аналитик, 2001 жылдан бері Сертификатталған Бухгалтерлер қауымдастығының сертификатталған мүшесі ((АССА, Ұлыбритания). Банк секторы, телекоммуникация және мұнай-газ салаларымен қоса, әр түрлі салаларда консультация беру және аудит жүргізетін айтарлықтай тәжірибесі бар.

 

Акционер бекіткен «Еуразиялық банк» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамы:

Ибрагимов Шухрат Алиджанович;

Репей Виталий Николаевич (тәуелсіз директор);

Нурушев Арман Жакыпбекович (тәуелсіз директор);

Мусин Ерлан Рысханович (тәуелсіз директор);

Бекенов Жанбота Темиргалиевич.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.