logo
Қз

Еуразиялық Банк электрондық кассир-рециркуляторларды іске қосты

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

2013 жылғы 13 ақпанда Еуразиялық Банктің «Болашақ филиалы» ірі ауқымды жобасының аясында электрондық кассир-рециркуляторлардың (ЭКР) жобалық қосылуы жүзеге асырылды. Алғашқы ЭКР Банктің екі бөлімшесінде – Алматы қ. № 609 және Атырау қ. № 803 бөлімшелерінде қолданысқа енгізілді. Осы аса маңызды және көптен бері күткен оқиға Банктің әр түрлі құрылымдық бөлімшелерінің жігерлі еңбегінің нәтижесі және оның мақсаты көрсетілетін қызметтердің сапасы мен жеделдігін жетілдіру болып табылады.

Шет елдік қаржы институттарының жетістікті тәжірибелеріне сүйене отырып, Еуразиялық Банк операциялық-кассалық қызмет көрсетуде электрондық кассирлер деп аталатындарды тұңғыш енгізген бірінші қазақстандық банк болды. Посткеңестік кеңістікке қатысты елдерге келсек, онда ертеректе, 2008 жылдан бастап Украина мен Ресейдің кейбір банктік институттары да осыған ұқсас жобаларды табысты жүзеге асырған еді.

Электрондық кассир-рециркулятор дегеніміз – қолма-қол ақшаны беруге және сақтауға, оның түпнұсқалығын тексеруге, қабылдауды автоматтандыруға арналған аппарат. Бұл – қаржылық кеңесші мен кассирді бір тұлғаға біріктіріп, «әмбебап менеджер» құруға мүмкіндік беретін болашақтың технологиясы. Бұдан былай ЭКР бар бөлімшелерде «бір терезе» принципі әрекет етеді – шоттарды ашу/жабу, ағымдағы және жинақ шоттары бойынша қолма-қол ақшаны енгізу және алу, кредитті ресімдеу және беру (лимиттер есебімен), кредитті өтеу, депозитті ресімдеу, шот ашумен бірге аударымдар, маманның кеңесі – бұның бәрі де клиентке қысқа мерзімнің ішінде қолжетімді болады.

«Электрондық кассир-рециркуляторларды қолдану бізге жылдамдықты барынша жоғарылатуға және көрсетілетін қызметтердің рәсімін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Бұл ретте, Банк қызметкерлердің клиенттерге қызмет көрсетуге кететін уақыттық шығындарын қысқартуға, сондай-ақ операциялық шығыстарды төмендетуге мүмкіндік алады. Біздің клиенттеріміз технологияның күннен-күнге жетілдірілуін айқын сезініп, неғұрлым көтеріңкі талаптар қоюда және бизнесте заманауи технологияны енгізу керек. Бұл Банктің инвестициялануының және дамуының жарқын көрсеткіші, ал бұл көрсеткіш нарықта алдыңғы орындарды иеленуде аса маңызды», – деп атап көрсетті «Еуразиялық банк» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Талгат Абдухаликов.

ЭКР «жобалық қосылуы» аяқталғаннан кейін Еуразиялық Банктің «Болашақ филиалының» 34 бөлімшелерінде өндірістік пайдалануға жіберілетін болады. ЭКР енгізудің екінші кезеңі 2013 жылдың ортасында іске асырылып, кассир-рециркуляторлар шет ел валютасындағы (доллар, еуро, рубль) операцияларды жүргізуге құруды болжауда, ЭКР Экспресс-аударымдар, Western Union, Anelik аударымдарына, сондай-ақ қосымша құралдар арқылы монеталар беру мен қабылдауды ұйымдастыруға құрылады.

Жаңа енгізілімнің нәтижелері бөлімшелерде Банктің ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік беретін, көп функциональды құрылғылардың жаңа түрін енгізуді қамтамасыз ету және клиенттерге қызмет көрсетуде банктік сервистің сапасын жоғары сатыға көтеру болады.

Еуразиялық Банк туралы: 
Клиенттерге барлық буындарда өнімдер мен қызметтерді ұсынатын әмбебап банк. Банк 1994 ж. құрылған, Қазақстанның барлық өңірлерінде 20 филиалдары және 120 бөлімшелері бар. Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі бар. Соңғы рейтингі «тұрақты» болжамымен S&P: В+ . KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы.

Қазақстанның үздік банкі (Euromoney), Қазақстанның үздік бөлшек банкі (Asian Banking & Finance) және Қазақстанның Жыл банкі (The Banker) атауларымен марапатталуы – Банктің 2012 жылғы табысты қызметінің бұлтартпас дәлелі.


«Еуразиялық банк» АҚ баспасөз қызметі
тел. +7 (727) 259 95 99 (ішкі 4802)

Malika.Buldekbayeva@eubank.kz
www.eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.