Баспасөз-релиз, Алматы қ., 2019 жылғы 1 сәуір
«Еуразиялық банк» АҚ (бұдан әрі — Банк) дүние жүзінің көшбасшысы
— Fiserv, қаржы нарығындағы технологиялық шешімдер провайдерімен сәтті қарым-қатынас жасауының нәтижесінде қолма-қол қаражатпен операцияларды басқару технологиясын ендіруді жоспарлап отырғанын мәлімдейді.
Еуразиялық банк онлайн жеткізілімдерді және өз клиенттерінің қолма-қол ақшаға қажеттілігінің жедел мониторингін басқаруды қамтамасыз ету үшін қолма-қол ақша мен логистика саласында бірқатар шешімдерді енгізу үрдісінде. Бұл банкке қолма-қол ақша ағынын бақылап тексерудің бірыңғай құралын құруға мүмкіндік береді. Қолма-қол ақша қоймада немесе қызмет көрсету құрылғысында болғанда, олар қолданыссыз жатады. Ал қолданыста болмауы шығындарға себеп болады, өйткені бұл ақшалар басқа мақсаттарға, мысалы, қарыздарды қаржыландыруға пайдаланылмайды. Fiserv технологиясының көмегімен банкоматтар және филиалдық желі арқылы клиенттердің қолма-қол ақшаға қажеттілігін тура болжау мүмкіндігі пайда болады.
«Fiserv көмегімен біз ақшалардың біздің желінің қай жерінде бар екендігін жақсырақ бақылап тексере аламыз және қолма-қол қаражаттың клиенттерімізге қажетті жерде болуын қамтамасыз ете аламыз. Біз бұл технологияны ендіруді біздің өсіп келе жатқан клиенттік базамызға қызмет көрсетудегі клиентке бағытталған маңызды қадам деп есептейміз. Сондай-ақ, біздің филиалдардағы және қызмет көрсету құрылғыларындағы қолма-қол қаражаттың ағын деңгейін оңтайландыру мүмкіндігінің жалпы шығыстарды төмендетуге әкелетіндігі, айтарлықтай маңызды. Fiserv шешімін ендіру бізді операциялық тиімділіктің жаңа деңгейіне шығарады», —дейді Наталья Ильяшенко, «Еуразиялық банк» АҚ Операциялық департаментінің директоры.
«Еуразиялық банк» АҚ PR-қызметі:
+7 (727) 259-95-99, ішкі: 3453
press@eubank.kz
eubank.kz