logo
Қз

Еуразиялық банк жүргізетін тергеудің үшінші сериясы: дропперлер, жалған табыс көздері мен қауіпті сілтемелер

Еуразиялық банк алаяқтарды әшкерелейтін оқу бейне роликтерінің жаңа сериясын шығарды.

 

Жоба Алматы қаласы Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қолдауымен жүзеге асырылды.

 

Қазіргі таңда кең таралған үш схемадан тұратын серияда:

  • Дропперлік: бұл “жай ғана карта бере тұруды” ұсынып, оңай табыс табуға уәде беретін, бірақ іс жүзінде адамды қылмысқа тартатын жағдай.
  • Қаржы пирамидалары: соңы ақшаны жоғалтумен аяқталатын “жеңіл табыс” туралы алдамшы уәделер.
  • Қауіпті сілтемелер: бір рет бассаңыз болғаны, деректеріңіз қаскүнемдердің қолына өтетіні көрсетілген.

 

Дропперлермен жүргізілетін схемаларға ерекше назар аударылады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне аударымдар мен төлемдерді үшінші тұлғалардың мүддесі үшін сыйақыға немесе оны алу мақсатында жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартатын бап енгізілді.

 

2025 жылдың қыркүйегінен бастап мұндай операцияларға қатысудың өзі алаяқтыққа қатысқан болып саналады да, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкелуі мүмкін.

 

ҚР ҚК-нің 232-1-бабында көзделген жауапкершілік:
Өзінің банктік шотыңа заңсыз қолжетімділікті бергені үшін 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу.
Үшінші тұлғалардың мүддесіне аударымдар мен төлемдер жасағаны үшін 5 жылға дейінгі мерзімге   бас бостандығын шектеу.


Алаяқтық схемаларға делдал іздейтін ұйымдастырушылар үшін (дроповод – ақша айналдырушы) — 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу.

 

Есте сақтау керек!!!

  • Карта-тек қана сіздікі. Оның деректерін ешкімге бермеңіз де, жібермеңіз де.
  • Кез келген “жылдам ақшаның”-бәрі-әрдайым алаяқтық.
  • Ақша қаражатын танысыңыз болсын мейлі, бейтаныс адамның өтініші бойынша да аудармаңыз.
  • Схеманың құрбаны болғаннан гөрі банкке немесе полицияға тағы бір рет қоңырау шалған дұрыс.

 

Роликтердің жаңа нұсқасын банктің YouTube-к-арнасынан көріп, оның сілтемесімен қаскүнемдердің қақпанына жиі түсетін балаларыңыз бен егде жастағы туыстарыңызбен  бөлісіңіз.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.