logo
Қз

Еуразиялық банк өзінің мобильді қосымшасында құрылыс салушыларды тексеру сервисін іске қосты.

Еуразиялық банк өзінің Smartbank мобильді қосымшасында құрылыс салушыларды тексерудің жаңа сервисін іске қосты. Бұл шешім клиенттерге бірнеше минут ішінде барлық қажетті ақпаратты ала отырып, тұрғын үй құрылысының заңдылығын тез әрі ыңғайлы түрде тексеруге мүмкіндік береді.

 

Сервис Қазақстандық тұрғын үй компаниясымен (ҚТК) ынтымақтастықта әзірленді және қосымшаның “Мемлекеттік қызметтер” бөлімінде қолжетімді. Құрылыс салушыны тексеру үшін екі қарапайым қадамды орындау жеткілікті:

1. Smartbank қосымшасын ашып, бас беттегі “Мемлекеттік қызметтер” бөліміне өту.

2. “Құрылыс салушы” түймешесін басып, БСН немесе құрылыс компаниясының атауын енгізу қажет.

 

Содан кейін пайдаланушы құрылыс салушы туралы толық ақпарат алады, соның ішінде:

  • ҚТК кепілдігін немесе әкімдік берген рұқсат;
  • Құрылыс салушының бүкіл объектісінің тізімі;
  • Құрылыс мерзімі, мекенжайы және объект мәртебесі (салынып жатыр ма әлде аяқталды ма).

 

Еуразиялық банктің Ақпараттық технологиялар блогының басқарушы директоры Алишер Елюбаев бұл сервистің жылжымайтын мүлік сатып алушыларына тәуекелдерді азайтып, нарықтағы ашықтықты арттыру арқылы түпкілікті шешім қабылдауға көмектесетінін атап өтті.

 

Енді Smartbank қосымшасындағы “Мемлекеттік қызметтер” көмегімен әрбір клиент құрылыс салушыны оңай әрі қауіпсіз тексеру арқылы жылжымайтын мүлікті сатып алу процесін жеңілдетеді.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.