logo
Қз

Баспасөз релизі

Еуразиялық банктің 2025 жылғы қорытынды бойынша қаржы нәтижелері туралы

Алматы, 22 қаңтар 2026 жыл

2025 жылдың қорытындысы бойынша Еуразиялық банктің қаржы нәтижесі жоспарланған шығындар мен активтердің азаю әсерінен қалыптасты. Бұл ретте банк реттеуші талабын айтарлықтай арттыратын жоғары деңгейлі жеткілікті капиталды сақтап қалды.

 

Таза пайданың төмендеуі жыл соңындағы жоспарлы стратегиялық, реттеуші және ұйымдастырушылық шешімдерді іске асыруға байланысты бір сәттік шығыстардың көрсетілуіне байланысты болды.

 

Шығыс деректерінің құрылымында: 

  • 30 млрд теңге мөлшерінде мемлкеттік қолдауды мерзімінен бұрын ішінара өтеуге байланысты дисконттың төмендеуі;
  • бұрын салық салудан босатылған операциялар бойынша корпоративтік табыс салығын қайта есептеу;
  • Өзбекстан Республикасындағы еншілес банк қызметінің аяқталуына байланысты шығындар ескерілді.

 

2025 жыл бойы клиенттерді кредиттеу барысындағы тәуекелдерді өтеуге жұмсалған таза шығындары 73 млрд теңгені құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 1 млрд теңгеге артты.

 

Есептік күндегі жағдай: 

  • банк активтері 3 026 млрд теңгені құрады;
  • таза пайда – 16,4 млрд теңге;
  • NPL деңгейі – кемінде 3,8%;
  • реттеуші меншікті капитал: 503 млрд теңге;
  • бірінші деңгейдегі жеткілікті капитал мөлшері – 19%, екінші деңгейдегі жеткілікті капитал – 24,9%, екі көрсеткіш те рететуші талабынан артығымен артады.

 

Еуразиялық банк Басқармасының Төрағасы Сатиева Ляззат есептік жылдың қаржы нәтижесіне әсер еткен барлық шығындардың алдын ала қарастырылғанын және қаржы жоспарына енгізілгенін атап өтті.  Банк ұзақ мерзімді тұрақтылық пен құрылымдық дамуға бағытталған шешімдерді дәйекті түрде іске асырды. Өткен жыл бизнес үшін қиын жыл болды, дегенмен стратегиялық және басқарушылық міндеттер, бірегей өнімдерді шығару тұрғысынан қызықты әрі мағыналы болды. Банк Жаңа жылға тұрақты операциялық базасы бар, орнықты жұмыс істейтін, одан әрі дамудың ұғымды басымдықтарымен аяқ басты.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.