Еуразиялық банк 2022 жылғы 5-19 қаңтар аралығында төтенше жағдай кезеңінде кредит төлеу мерзімін кешіктірген клиенттерге айыппұл мен өсімпұл қолданбайды.
“Тәртіпсіздіктерге төтеп беру барысында қаза тапқан әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасыларына көңіл айтамын. Банк олардың қолданыстағы кредиттерін кешіреді.
Барлық клиенттердің депозиттері толықтай сақтаулы екеніне сендіремін, банкіміздің картасы терминалдармен интернет-байланыс орнатылғаннан кейін бүкіл әлем бойынша шектеусіз әрекет ететін болады. Алматы қаласындағы банк филиалы мен 3 бөлімшені вандалдар қиратып кеткеніне қарамастан, біз басқа үй-жайларда қызмет көрсетуді ұйымдастыруға күш салып жатырмыз.
Банктің Алматы мен Қазақстанның басқа қалаларындағы барлық бөлімшелері қаз-қалпында, филиалдар желісінің жұмысын жақын арада қалпына келтіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз”,— деп мәлімдеді басқарма төрағасы Валентин Морозов.
Банктің Smartbank мобильді қосымшасы жұмыс істеп тұр. Қазақстанның жекелеген өңірлерінде банк жұмысында аздаған уақыт кідірістері орын алуы мүмкін, алайда интернет-байланыс жақсарған бойда бәрі қалпына келмек.