logo
Қз

«Еуразиялық банк» АҚ (бұдан әрі — Банк) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Suńqar атты жобасына қатысты.

Баспасөз-релиз, Алматы қ., 2019 жылғы 7 ақпан

 

Suńqar — бұл алушының қарапайым деректемелері бойынша, атап айтқанда — телефон нөмірлері бойынша лезде болатын аударымдар жүйесі.  «Еуразиялық банк» АҚ Suńqar жүйесі бойынша аударымдарды Smartbank ұялы қосымшасында іске асырды. Қазіргі уақытта аударымдарды «Еуразиялық банк» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ және «Altyn Bank» АҚ  (China CITIC Bank Corporation Limited ЕБ) ішінде және арасында жасауға болады.

 

«Іске асырылған Suńqar жобасының арқасында Еуразиялық банк клиенттері ақшалай аударымдарды біздің ұялы қосымшамыздың ішінде, сондай-ақ басқа банктердің клиенттеріне жіберудің тіптен оңай мүмкіндігіне ие болды. Біз Ұлттық Банкке осы жобаны іске асырғаны үшін ризамыз. Мұндай бастама банк саласының дамуына және сервис сапасына жағымды ықпал етеді», — деді «Еуразиялық банк» АҚ басқармасының төрағасы Павел Логинов.

Телефон нөмірі бойынша аударымдардың Smartbank жаңартуларының алғашқы толқынына Android базасындағы смартфон иелері кіреді. iOS үшін релиз 2019 жылғы сәуірде жоспарланады.

 

Жаңартуларды орнатқаннан кейін ақшаны аудару үшін «Телефон нөмірі бойынша аударымдар» бөлімінде алушының телефон нөмірін енгізіп, банк-алушыны таңдап, аударым сомасын көрсету ғана жеткілікті болады. Қалауы бойынша, мәтін хабарламасын қосуға болады.

 

2019 жылғы 7 ақпанда банкаралық аударымдар үшін сома бойынша тәуліктік лимиттерсіз бір операция үшін —  минимум 100, максимум 500 000 теңге; банкішілік аударымдар үшін бір операцияға — минимум 100, максимум 500 000 теңге және күніне максимум 5 000 000 теңге сомасы бойынша шектеулер қолданылады.

 

Банкаралық аударымдар үшін комиссия соманың 0,2% (250 теңге — минимум) құрайды, банкішілік аударымдар үшін комиссия қарастырылмаған.

 

Банк туралы

Еуразиялық банк — 24 жылдық даму тарихы бар Қазақстанның әлеуметтік маңызды коммерциялық банкі. Қаржылық институт бөлшек банкинг нарығында жетекші орын алады, корпоративтік клиенттерге және ШОБ клиенттеріне қызметтердің ауқымды түрлерін ұсынады.   Банк автокредиттеуді, POS-кредиттеуді, төлем карталарының бағытын, ұялы банкинг және жалақы жобаларын белсенді дамытып келе жатыр.

 

«Еуразиялық банк» АҚ PR-қызметі:

+7 (727) 259-95-99, ішкі: 3453

press@eubank.kz
eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.