Баспасөз релизі
Алматы, 24 наурыз 2023 жыл
Еуразиялық банк Forbes.ru нұсқасы бойынша көршілес елдердің 50 сенімді банкінің қатарына кірді.
Армения, Грузия, Әзірбайжан, Өзбекстан және Қазақстанның қаржы институттарының ішінде тізімге 10 қазақстандық банк ілікті.
Рейтинг авторларының түсіндіруінше, банктер Fitch, Moody’s, Standard&Poor’s сияқты халықаралық рейтинг агенттіктерінің бағаларына, сондай-ақ активтердің мөлшеріне қарай іріктелді. Банктің рейтинг бағалары неғұрлым жоғары болса, алатын орны соғұрлым жоғары болмақ.
“Еуразиялық банк” АҚ — қазақстандық банктердің ішінде активтері жөнінен жетінші орындағы
әлеуметтік маңызды қаржы институты. Бөлшек банкинг нарығында жетекші орында тұрған банк корпоративтік клиенттері мен ШОБ субъектілеріне қызметтердің кең спектрін ұсынады. Банктің Moody’s шкаласы бойынша В2 рейтинг болжамы 2022 жылғы 15 желтоқсанда “позитивті” деген бағамен расталған болатын. Банк ERG тобының (минералдық ресурстарды өндіру мен өңдеу саласындағы әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі) экожүйесіне жатады.
Байланыстар үшін:
“Еуразиялық банк” АҚ PR-қызметі
press@eubank.kz
eubank.kz