logo
Қз

Еуразиялық банк меншікті капиталын 6 млрд теңгеге ұлғайтады

2017 жылғы 15 наурыз, Алматы. Еуразиялық банктің меншікті капиталы 6 млрд теңгеге ұлғайтылады. Осылайша Банктің жарғылық капиталы 57,1 млрд теңгеге дейін ұлғаяды, ал реттеуші капитал 103,9 млрд теңгеден асады. Нәтижесінде реттеушінің талаптарына бұрын да сәйкес келетін Еуразиялық банк капиталының жеткіліктілік коэффициенті  олардан едеуір асатын болады:

 

–     k1-1 және k1-2 көрсеткіштері 9,8% дейін ұлғаяды

–     k2 көрсеткіштері 11,7% дейін өседі

 

Банктің орналастырылатын жай акцияларының жалпы саны 918 471 дананы құрайды, бір акцияның бағасы 6532 теңге деп белгіленеді.

 

«Капиталдың кезекті ұлғайтылуы Банк акционерлерінің қолдауын ғана емес, сонымен бірге Еуразиялық банктің келешекке сеніммен қарайтынын да көрсетеді. Біздің банк әрі қарай дамып, бүгінгі күні 2 миллионнан асатын өз клиенттерімізге ең озық сервис ұсынуға ниетті», – деп атап өтті Еуразиялық банктің Басқарма төрағасы әрі Директорлар кеңесінің мүшесі Павел Логинов.

 

Естеріңізге сала кетсек, Еуразиялық банк капиталының 15 млрд теңгеге соңғы ұлғаюы 2016 жылдың қыркүйек айында болған еді.

 

Анықтама:

Еуразиялық банк – барлық сегменттегі клиенттерге өнімдері мен қызметтерін ұсынатын қазақстандық әмбебап банк. 1994 жылы негізі қаланған Банк Қазақстанның барлық өңірінде жұмыс істейді. Ресейде (Мәскеу) еншілес банкі бар, оның Новосибирск, Омбы, Челябинск қалаларында филиалдары бар. Соңғы S&P рейтингі: В, «тұрақты» деген болжамға ие. KASE мүшесі, KazPrime-ге қатысушы.

Банктің табысты қызметі «Қазақстанның үздік банкі» – IAIR, 2014 ж.; «Қазақстанның үздік банкі» – – EMEA Finance, 2013-2014 жж.; «Қазақстанның үздік бөлшек сауда банкі» – Asian Banking & Finance, 2012, 2013 және 2015 жж.; «Қазақстанның үздік банкі» – Euromoney, 2012 ж. және «Қазақстандағы Жыл Банкі» – The Banker, 2012 және 2014 жж. сияқты халықаралық басылымдардан берілген марапаттармен мақұлданған.

 

«Еуразиялық банк» АҚ баспасөз қызметі

тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 4945)

press@eubank.kz

www.eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.