logo
Қз

ӘМСҚ және Еуразиялық банк ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Еуразиялық банк клиенттері енді МӘМС туралы ақпарат ала алады.

Халықпен байланыс арналарын кеңейту шеңберінде Қор мобильдік қосымша арқылы МӘМС жөнінде ақпарат алу сервистерін құру бойынша Еуразиялық банкпен өзара ынтымақтастық туралы Меморандум жасасты.

 

Әрбір Еуразиялық банк клиентіне жүйеден МӘМС мәртебесін қарау, төлем түсімінің жүйелілігі туралы ақпарат қолжетімді болады. Қажетті техникалық жұмыстар 2024 жылдың соңына дейін жүргізіледі.

 

“Бүгінде Қор сақтандырылмаған қазақстандықтарды МӘМС жүйесіне тарту бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп қана қоймай, сақтандырылған және медициналық қызмет алушыларға да қамқорлық жасайды. Біз МӘМС жүйесінде медициналық көмек алу құқықтары туралы азаматтардың хабардарлығын арттыру мақсатында кері байланыс арналарын кеңейтеміз”, – деп атап өтті “ӘМСҚ” КЕАҚ заңды және жеке тұлғалармен жұмыс жүргізу жөніндегі директоры Сабина Бектубаева.

 

МӘМС туралы ақпараттың қолжетімділігін кеңейту мақсатында Еуразиялық банкпен Меморандумға қол қойылды.  Пациентке қамқор жасап, “сақтандырылған” мәртебесін жоғалтып алмас үшін МӘМС жүйесінде банк клиенттерінің МӘМС-ке аударылатын тұрақты ай сайынғы төлемдерінің түспегені туралы алдын ала хабарлама алу мәселесі ұзақ мерзімді перспективада пысықталуда.

 

“МӘМС шеңберінде біздің клиенттеріміз үшін жаңа сервистерді іске қосу -олардың барынша ақпараттандырылып, қорғалуын қамтамасыз етудегі маңызды қадам болып табылады. Оң өзгерістер жасап, заманауи технологиялық шешімдер қабылдау арқылы клиенттердің әл — ауқатына қамқорлық жасау-біздің миссиямыздың бір бөлігі”, – деп атап өтті Еуразиялық банк басқармасының Төрағасы Ляззат Сатиева.

 

Бүгінгі таңда МӘМС мәртебесін қарау функциясы 3 банктің — “Kaspi Bank” АҚ, “Қазақстан Халық банкі” АҚ, “Банк ЦентрКредит” АҚ қосымшаларында қолжетімді екенін атап өтеміз.

 

Сондай-ақ мәртебені біздің ресми msqory.kz.сайтынан қарауға болады.  Еліміздің 14 өңірінде бірыңғай анықтамалық қызмет операторлары МӘМС туралы ақпарат алуды ұсынады (Мысалы: Астана, Қызылорда, Павлодар, Көкшетау, Тараз – 109).

 

Медициналық көмек алу мүмкін болмаған жағдайда әркім Qoldau24 мобильді қосымшасы арқылы немесе E-otinish арқылы біздің сайтта өтініш қалдыра алатынын естеріңізге сала кетейік.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.