Қазіргі таңда әлеуметтік желі қолданушыларының арасында белсенді түрде теңгенің күрт құлдырауы, бірыңғай валютаны енгізу және айналыстағы монеталардың тапшылығы туралы жалған ақпарат белсенді таралып жатыр. Бұл ақпарат арандатушылық үшін таратылған және шынайы мағлұматқа жатпайды.
Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы (бұдан әрі – ҚҚҚ) кәсіби қауымдастық арасында теңге бағамы бойынша зерттеуді ай сайын жүргізеді. Ағымдағы сараптамалық бағалауға сәйкес, қазіргі уақытта ұлттық валютаның құнсыздануының негізі жоқ. Сарапшылар қауымдастығы бір айдың ішінде ағымдағы бағамға жақын курсты, яғни экономикадағы тұрақты жағдайды есепке ала отырып, бір АҚШ доллары үшін 384-385 теңге күтеді.
ЕАЭО аумағында «алтын» бірыңғай валютасын енгізу туралы айтатын болсақ, бұған ешқандай себеп жоқ. ЕАЭО келісімшартына сәйкес одақ үшін бірыңғай валютаны енгізу мен оны құру қарастырылмаған.
Монеталардың жетіспеушілігіне келсек, қазіргі уақытта екінші деңгейдегі банктердің барлығы клиенттерге қызмет көрсету үшін жеткілікті мөлшерде монеталармен қамтамасыз етілгенін атап өту керек.
ҚҚК және қаржы нарығының қатысушылары ақпараттық кеңістікте таратылатын қауесеттерге сенімсіздікпен қарауды және олардың таратылуына қатыспауларыңызды сұрайды.
Ақпарат көзі: ҚҚК сайты