logo
Қз

Global Finance Еуразиялық банкті 2020 жылы саудалық қаржыландыру саласының үздігі деп таныды

«Еуразиялық банк» АҚ Global Finance халықаралық қаржы басылымының «World’s Best Trade Finance Providers 2020» тұрақты рейтингісінің қорытындысы бойынша 2020 жылы Қазақстандағы саудалық қаржыландыру саласының үздігі деп танылды.

 

Журнал редакторлары салалық талдаушылардың, компаниялардың басшыларының және технологиялар бойынша сарапшылардың қатысуымен әлемнің 97 елі мен сегіз аймағындағы саудалық қаржыландыру саласының үздік банктерін таңдады.

 

Журналдың хабарламасында: «Әрдайым ең ірі банктер емес, трансшекаралық саудаға қатысатын корпорациялардың арнайы қажеттіліктерін ең жақсы қанағаттандыратын банктер жеңімпаз атанады. Global Finance жергілікті жағдайлар мен клиенттердің қажеттіліктерін, қаржылық тұрақтылық пен қауіпсіздікті, стратегиялық қарым-қатынастар мен басқаруды, бәсекеге қабілетті бағаларды, өнімдер мен қызметтерге жұмсалатын инвестициялар мен инновацияларды қамтитын жеке алгоритмді қолданады», – делінеді.

 

Global Finance журналы Еуразиялық банкті саудалық қаржыландыру саласындағы көшбасшы ретінде бірнеше рет таңдаған болатын, ал соңғы рет 2017 жылы. Бұл жолы банк жыл басында ұсынылған болатын, алайда марапат жақында ғана бас кеңсеге келді.

 

«Клиенттеріміздің сенімін әрдайым ақтап келе жатқанымызға және саудалық қаржыландыру саласында үздік сервис деңгейі мен құзыреттерді қамтамасыз ете отырып, сарапшылардың пікірі бойынша көшбасшы болып табылатынымызға қуаныштымыз. 2019 жылы мәмілелердің жалпы көлемі 371 млн АҚШ долларынан асып түсті, ал 2020 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 485 млн АҚШ долларын құрады. Өткен жылдағыдай, негізгі көлемді экспорттық мәмілелер құрайды. Өз тәжірибемізге сүйеніп, біз өнімді клиент бизнесінің артықшылықтарын ескере отырып, оған барынша тартымды қылу үшін аккредитивтерді шығару процедурасын үнемі жетілдіреміз», – деді банк басқармасының төрағасы Валентин Морозов.

 

Еуразиялық банк өзінің дамыған корреспонденттік желісі арқылы саудалық қаржыландыру қызметтерінің толық кешенін ұсынады. Банк өзінің сенімділігі мен ыңғайлылығының арқасында әлемде кеңінен танылған құралдарды қолдана отырып, экспорт-импорт операцияларын жүзеге асыру кезінде коммерциялық және қаржылық тәуекелдерді едәуір төмендетуге ұмтылады:

–  Импорттық және экспорттық құжаттамалық аккредитивтер;

–  Сауда операцияларын қаржыландыру;

–  Экспорттық кепілдіктерді авизолау;

–  Құжаттамалық инкассо;

–  Контркепілдіктер бойынша мәмілелерді құрылымдау.

 

Global Finance журналы 1987 жылдан бері АҚШ-та басып шығарылады. Журналдың 50 мыңнан астам данасы 163 елде таралады, негізгі оқырман аудиториясы – халықаралық компаниялар мен банктердің инвестициялық және стратегиялық шешімдерді қабылдауға жауапты топ менеджерлері, қаржы директорлары.

 

«Еуразиялық банк» АҚ-ның PR-қызметі

+7 (727) 259-95-99, ішкі: 4401.

press@eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.