Алматы, 28 мамыр 2024 жыл
Global Finance беделді халықаралық басылымы 2024 жылғы Innovators Awards аясында қаржы саласындағы үздік инновацияларды жариялады. Еуразиялық банк “Қаражатты мониторингтеу үшін жасанды интеллектті (АИ) үздік пайдалану” (Best Use of AI to Monitor Funds) санатында атап өтілді.
Банктің Қазақстандық Тұрғын үй компаниясымен бірлесіп әзірлеген цифрлық шешімі үлескерлердің қаражатының сақталуын және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етуге, жобаның құрылыс жоспарынан кез келген ауытқуын анықтай отырып, тұрғын үй құрылысының әрбір кезеңіне нақты уақыт режимінде мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Бұған қоса, цифрлық өнім құрылыс-монтаждау жұмыстарының, объектіні пайдалануға беру мерзімдерінің өзгеруі бойынша болжамды талдауды қалыптастыра алады, сондай-ақ қажетті құжаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ете алады.
“Инновациялар банктер мен басқа қаржы институттарына әріптестердің алдында стратегиялық бәсекелестік артықшылық алуға көмектесуде”, — деді Джозеф Джаррапуто, Global Finance-тың негізін қалаушы және редакциялық директоры. “Жаңа технологиялар мен шығармашылық ойлауды қолдану арқылы биылғы жеңімпаздар клиенттердің “жанды жерлерін” жеңілдетумен қатар, пайдаланушының керемет тәжірибесін қамтамасыз етуге арналған инновациялық шешімдерді әзірледі”.
Бұл үнемі жаңа бағыттарды анықтайтын және қаржы саласында тың құралдарды дамытатын ұйымдарға берілетін он бірінші жыл сайынғы Global Finance марапаттау бағдарламасы.
“Үлескерлік құрылыста ашықтықты және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесіміздің Global Finance беделді қаржы басылымының кәсіби бағасын алғанына қуаныштымыз”, — деп атап өтті Еуразиялық банктің басқарма төрағасы Ляззат Сатиева.
Жеңімпаздарды Global Finance редакциялық алқасы инновациялар ұсынылған салалардың сарапшылары болып саналатын журналист-репортерлердің қатысуымен анықтады. The Innovators 2024 толық есебі Global Finance-тың маусым айындағы баспа және цифрлық басылымдарында, сондай-ақ GFMag.com. сайтында жарияланады.
Global Finance журналы 1987 жылы құрылған, 193 ел мен аумақта 50 000 дана таралымы және оқырманы бар.
Аудиториясына трансұлттық компаниялар мен қаржы институттарында инвестициялық және стратегиялық шешімдер қабылдауға жауапты аға корпоративтік және қаржылық басшылар кіреді. Басылым үнемі банктер мен басқа қаржылық қызметтерді жеткізушілер арасында үздіктерді таңдайды. Бұл марапаттар әлемдік қаржы қауымдастығы үшін танылған сапа стандартына айналды.
“Еуразиялық банк” АҚ-тың PR-қызметі
+7 (727) 259-95-99
press@eubank.kz