logo
Қз

Global Finance 2021 жылғы "Үздік кастодиан банк" марапатын Еуразиялық банкке табыстады

14 желтоқсан 2021 жыл, Алматы

 

Global Finance халықаралық тәуелсіз қаржы журналы Еуразиялық банкті жыл сайынғы World’s Best Banks Awards рейтингінің аясында 2021 жылғы Қазақстандағы ең үздік кастодиан банк деп анықтағаны жөнінде басылым сайтында жарияланды.

 

“Үздік кастодиан-банк” аталымында банктің клиенттермен қарым-қатынастары, қызмет көрсету сапасы, бәсекеге қабілетті бағалары, стандартты емес шешімдері, технологиялық платформалары, пост-есеп айырысу операциялары, бизнестің үздіксіздігін қамтамасыз етуі және жергілікті нормалар мен ережелерге сәйкестігі сыналды.

 

“Соңғы бір жарым жылдағы теңдессіз оқиғалар кастодиан банктерді қызметтерді цифрландыруға және пандемиядан кейінгі ахуалға тез бейімделуге алып келді”, – дейді Global Finance баспагері және редакторы Джозеф Д.Джаррапуто, – “Global Finance сыйлығы өздерінің алдында тұрған міндеттерді шешуде тың және инновациялық идеяларды жүзеге асырған банктерге беріледі”.

 

Биылғы жылы Global Finance редакциялық алқасы сараптама көздерінен және банктердің өздерінен ақпарат ала отырып, жеті өңірде және 80-нен астам ел мен аумақта нарыққа зерттеу жүргізді

 

Global Finance сондай-ақ кастодиан қызметтерін пайдаланушылардың өздеріне де сұрау салды. 2020 жылғы 1 қаңтардан 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңдегі нәтижелер зерделенді

 

“Біз клиенттерімізге және серіктестерімізге сенімі мен кастодиандық белсенділігімізге берген жоғары бағасы үшін алғыс айтамыз. Қор нарығының дамуының арқасында Қазақстанда бағалы қағаздарды сақтау қызметтеріне сұраныс та өсуде. Біз тәуелсіз сарапшылардың пікірі бойынша клиенттерге көрсетілетін қызметтеріміздің халықаралық деңгейге сәйкес келгеніне қуаныштымыз. Цифрландыру кастодиандық қызметтерді дамытудың басым бағытына айналуда, бұл біздің жаңа даму стратегиямыздан көрініс табуда”, – деді Еуразиялық банк Басқармасының төрағасы Валентин Морозов.

 

Global Finance журналының негізі 1987 жылы қаланған болатын. Таралымы 50 000 дананы құрайтын басылымның 189 елде өз оқырмандары бар. Негізгі оқырман аудиториясы – инвестициялық және стратегиялық шешімдер қабылдауға жауапты халықаралық компаниялар мен банктердің топ-менеджерлері, қаржы директорлары.

 

Global Finance әртүрлі аталымдар бойынша үздік банктер мен басқа да қаржылық қызмет жеткізушілерін үнемі таңдап отырады. Бұл марапаттар әлемдік қаржы қауымдастығы үшін танымал сапа стандартына айналды.

 

“Еуразиялық банк” АҚ — 1994 жылы құрылған әлеуметтік маңызы бар қаржы институты. Активтерінің көлемі жөнінен қазақстандық үздік 10 банк қатарына кіреді. Бөлшек банкинг нарығында жетекші орында, бизнеске арналған қызметтердің кең спектрін ұсынады. Кастодиандық қызметтер нарығында Банк 1999 жылдан бастап жұмыс істейді және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына, инвестициялық қорларға, брокерлік компанияларға, басқа клиенттерге — заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсетеді.

 

 

Еуразиялық банк” PR-қызметі

+7 (727) 259-95-99, ішкі 4401.

press@eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.