logo
Қз

Global Finance екінші жыл қатарынан Еуразиялық банкке "Қазақстандағы үздік кастодиан-банк" сыйлығын берді

Алматы, 3 маусым 2022 жыл

— Global Finance басылымы екінші жыл қатарынан World’s Вest Banks Awards жыл сайынғы рейтингінің аясында Еуразиялық банкті 2022 жылғы Қазақстандағы ең үздік субкастодиан-банк деп танып, бұл жөнінде басылымның сайтында жарияланды.

 

Іріктеу өлшемшарттары ретінде клиенттермен қарым-қатынас, қызмет көрсету сапасы, бәсекеге қабілетті бағалар, айрықша жағдайлардың кедергісіз қаралуы, технологиялық платформалар, реттелгеннен кейінгі операциялар, бизнестің үздіксіздігін қамтамасыз ету жоспарлары және жергілікті ережелер мен тәжірибені білу қарастырылды.

 

“Пандемия субкастодиандардың цифрландыру қарқынын жеделдетті және бұл банктер бүкіл әлем бойынша өз клиенттеріне бағалы қағаздар нарығында жоғары дәрежедегі қызметтерді ұсынуға бейімделуін жалғастыруда”, — деді Global Finance баспагері және редакциялық директоры Джозеф Д.Джаррапуто.

 

“Біз осы жұмыс бағытын одан әрі дамытамыз және жетістіктерімізге көңіліміз толады. Біз клиенттеріміздің банкпен ынтымақтастығын ыңғайлы ету үшін процестерді автоматтандыру мен цифрландыруға баса назар аударып отырмыз”, — деді Еуразиялық банктің басқарма төрағасы Валентин Морозов.

 

Биылғы жылы Global Finance редакциялық алқасы жеті өңірдегі және 80-нен астам елдегі нарыққа зерттеу жүргізді. Global Finance сонымен қатар субкастодиандық қызметтерді пайдаланушылардан ақпарат алды. 2021 жылғы 1 қаңтардан 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңдегі нәтижелер бағаланды.

 

Еуразиялық банктің Бас Қазынашысы, Басқарма төрағасының орынбасары Ерланбек Қаппар 2021 жылы кастодиандық қызметтер көрсетілген клиенттер саны 3,3 есеге, ішкі және халықаралық нарықта жүргізілетін операциялар саны 3,8 есеге артқанын хабарлады.

Еуразиялық банк 1999 жылдан бері жұмыс істеп келеді және инвестициялық қорларға, брокерлік компанияларға, заңды және жеке тұлғалардың активтерін басқарушы компанияларға қызметтерін ұсынады.

 

Global Finance марапаттары әлемдік қаржы қауымдастығы үшін сапа стандарты болып танылады.

 

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.