7 желтоқсан 2021 жыл, Алматы
2021 жылғы 7 желтоқсаннан бастап Еуразиялық банк карталарының ұстаушылары Қазақстанда алғашқылардың бірі болып Google Pay байланыссыз төлем сервисін пайдалана алады.
Google Pay — бұл 5.0 және жоғары нұсқалы Android операциялық жүйесі орнатылған және NFC технологиясы қолданылатын смартфон иелеріне ыңғайлы, қауіпсіз және сенімді сауда төлемін жасау тәсілі.
Еуразиялық банктің клиенттері сервиске Smartbank мобильді қосымшасымен қосыла алады. Бұл үшін не істеу қажет:
1. Smartbank ашыңыз.
2. Картаны түртіп, әмиянға өтіңіз.
3. Карта ашыңыз.
4. Баптамаларға өтіп, “Google Pay-ға карта қосу” батырмасын басыңыз.
5. Еуразиялық банк клиенттеріне Google Pay арқылы байланыссыз төлемдер үшін 2% бонустарға дейін қосымша кепілдік берілген.
Сервис Mastercard және Visa төлем жүйелері үшін қолжетімді. Google Pay-ға қосылатын карталар санына шектеу қойылмайды.
Барлық төлем ақпараты шифрланады және Google компаниясының қорғалған серверлерінде сақталады. Google Pay қызметіне қосылған әрбір картаға өзінің виртуалды шот нөмірі тағайындалады. Ол транзакциялар кезінде сатушыға беріледі. Осылайша клиенттердің төлем деректерінің қауіпсіздігі әрқашан сақталады.
Google Pay туралы толығырақ ақпаратты https://support.google.com/pay/ сайтынан оқыңыз.