Еуразиялық банктің 42 қызметкері өнеркәсіптік турмен еліміздің кәсіпорындарына
барып қайтты.
Еуразиялық банк өзінің 30 жылдық мерейтойына орай өз қызметкерлеріне осындай сыйлық жасады.
Банктің 42 үздік қызметкері ERG тобының өнеркәсіптік алыптары болып табылатын Ақтөбе ферроқорытпа зауытында, Павлодар алюминий зауыты мен Қазақстандық электролиз зауыттарында әсерлі сапарда болды. Бұл тур банк қызметкерлеріне әдеттегі кеңсе ортасын ірі зауыттардың цехтарына ауыстырып қана қоймай, сонымен қатар металлургтер мен қуатты машиналардың үйлесімді жұмысын бақылай отырып, өндіріс процесінің егжей-тегжейімен танысуға мүмкіндік берді.
«Сіз әсерлі эмоцияларды қалайсыз ба? Зауытқа барыңыз!» — деген қалжыңмен тур қатысушылары экскурсиядан кейін алған әсерлерімен бөлісті.
«Бұл керемет тәжірибе болды. Біз металлургтердің қызып тұрған металдың жалынды ағындарын қалай басқаратынын көрдік, бұл өздеріне үйреншікті әрі қарапайым нәрсе сияқты. Әсіресе шикізаты бар вагондарды айналдыратын үлкен құрылғы — вагон аударғыштың құрылмасы, жалпы бұл процестің ауқымы таң қалдырды» — деді SMM коммуникациялар бойынша жетекші маман Ақниет Лесбек Ақтөбе ферросплав зауытына барғаннан кейінгі жай-күйін әңгімелей отырып.
Бұл сөздерді №3 корпоративтік бизнес басқармасының бастығы Зарина Избасарова да қостады: «Күнделікті компьютер алдындағы қалыптасқан жұмыспен отыратын біз – кеңсе қызметкерлері үшін бұл экскурсия нақты өндірісті көрудің таңғажайып мүмкіндігі болды. Біз ферроқорытпалардың болат өндіруде шешуші рөл атқаратынын білдік және ыстық материалдардың дайын өнімге қалай айналатынын бақыладық. Металлургтердің жұмысы тек физикалық күшті ғана емес, сонымен қатар керемет шоғырлану мен шеберлікті де қажет етеді. Адамдардың күрделі деген процестерді дәлдікпен және мұқият басқаратынын көру шынымен де шабыттандырды. Бұл қажырлы еңбек және зор құрметке лайық».
Тараздағы бөлшек бизнес бөлімінің бастығы Екатерина Кузьмина Павлодар алюминий зауыты мен Қазақстандық электролиз зауытына барғаннан кейін өз эмоцияларымен былай деп бөлісті: “Бұл зауыттарда жабдықтың ауқымынан бастап процестерді автоматтандыру деңгейіне дейін барлығы таң қалдырды. Біз глиноземді таза алюминийге айналдыратын күрделі электролиз процесінің қалай болатынын көрдік. Әсіресе жүйенің әрбір элементі сағат секілді асқан дәлдікпен жұмыс істейтіні ерекше әсер қалдырды. Бұл біздің өнеркәсіп пен адамдар үшін кеудемізде мақтаныш кернейтін керемет көрініс”.
Еуразиялық банкте мотивациялық бағдарламалар корпоративтік мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылады, бұл қызметкерлерді жаңа жетістіктерге шабыттандырады, құштарлық пен бірліктің ерекше атмосферасын қалыптастырады. Алайда, өнеркәсіптік тур — бұл банк алғаш рет ұйымдастырған ерекше тәжірибе.
«Биыл біз үшін маңызды және айтулы күн — Банктің 30 жылдық мерейтойын атап өтеміз. Бұл мереке клиенттердің сенімі мен біздің қызметкерлеріміздің — Еуразиялық банк командасының қажымас еңбегінің, кәсібилігі мен жауапкершілігінің арқасында мүмкін болды, — деп түсіндірді Еуразиялық банктің Басқарма төрағасы Ляззат Сатиева. — Біз өнеркәсіптік экскурсияға негізгі қызметкерлерді жібердік. Жол жүру және тұру шығындарының барлығын Банк өз мойнына алды. Бұл банкке және өз ісіне адалдығы үшін білдірген алғысымыз».
Өзінің 30 жылдығына Еуразиялық банк клиенттер мен серіктестер үшін түрлі науқандарды іске қосу, шағын және орта бизнес клиенттері үшін бүкіл ел бойынша бизнес-таңғы астарды ұйымдастыру және ең маңыздысы жоғары әлеуметтік жауапкершілік секілді елеулі жетістіктермен келді. Маңызды жобалардың қатарында гольф федерациясы мен балалар гольф академиясына демеушілігі, Bolashak Bright жобасына қатысу, «Баға жетпес планета» жаһандық экологиялық коалициясына қосылу және т.б. бар. Десек те Еуразиялық банк ең алдымен командасымен — өз ісінің 5 мыңнан астам кәсіпқойларынан құралған ұйымшыл ұжымымен мақтан тұтады!