logo
Қз

Қазақстандықтар Еуразиялық банктің интернет-банкингі арқылы миллион төлемдер мен аударымдар жүргізді

06.11.2015, Алматы. – Интернет арқылы жүргізілетін банктік төлемдер және аударымдар Қазақстанда кең танымалдыққа ие болуда: екі жыл ішінде Еуразиялық банктің Smartbank онлайн-банкинг жүйесінде транзакция саны сегіз есе өсті. 2013 жылы Еуразиялық банктің клиенттері 120 000 астам қашықтықтан операция жүргізсе, 2015 жыл аяқталмастан миллион транзакция жүргізді. Smartbank-ты таңдаған клиенттердің саны да өсуде: жыл басынан бері ғана жүз он мыңнан астам қазақстандықтар Еуразиялық банктің онлайн-банкингіне қосылды.
Еуразиялық банкте байқалғандай соңғы уақытта интернет-банкингпен мегаполистерде ғана емес, өңірлерде де Smartbank-қа жиі тіркеле бастады. Банк филиалдарының арасында онлайн-банкингке тіркелген клиенттер санынан Қостанай облысы көшбасында келеді. Мерейтойлық, миллионыншы төлем де осы жерде тіркелді: Соколов-Сарыбай тау-кен байыту комбинатында электрослесарь болып жұмыс істейтін Рудный қ. 20 жасар тұрғыны Темирлан Умитбеков Smartbank арқылы ұялы телефонының балансын толықтырды.
«Smartbank-ты бұдан әрі қарай дамыту туралы маңызды жоспарларымыз бар. Интернет-банкингке салынған инвестициялар ақталды: банкке барып міндетті күтумен кезекте тұрғаннан гөрі, кез келген жерде және кез келген уақыттағы қолайлы дербес банкингті таңдайтын клиенттер санының қарқынды өсуі байқалады. Еуразиялық банк үшін Monitise Create әзірлеп шығарған, өңір бойынша өзі тәріздестердің ішіндегі ең үздігі Smartbank ұялы қосымшасы біздің клиенттерге еркіндік пен жайлылық береді», – деп атап өтті бөлшек бизнес бағытына жетекшілік ететін Еуразиялық банктің басқарушы директоры Бертран Госсар.
Бертран Госсардың айтуынша Smartbank ұялы қосымшасын әзірлеу қажеттілігін уақыт көрсетті: қазақстандықтар өз қызметтерінде стационарлық ДК орнына смартфондарды қолдана бастады. Бұл үрдіс Еуразиялық банктің талдаушыларының зерттеулерімен де расталуда: қазан айының қорытындысы бойынша Smartbank-қа қосылудың 61% ұялы құрылғылардан, ал 39% – компьютерлерден тіркелген. Smartbank ұялы қосымшасының қолайлығы мен қарапайымдылығы  Forbes.kz жариялаған Қазақстандағы ұялы қосымшалардың рейтингісімен расталады: Еуразиялық банктің онлайн-банкингі елдегі қолданылуы барынша қолайлы қосымшалардың үштігіне кіреді.
Smartbank-тың көмегімен Еуразиялық банктің клиенттері бүгінгі таңда 300 астам жеткізушілердің қызметтерін комиссиясыз төлей алады. Банк талдаушыларының деректеріне сүйенсек, коммуналдық қызметтер, кредиттерді өтеу, ұялы байланыс пен букмекерлік қызметтерді төлеу төлемдердің кеңінен таралған түрлері болып табылады. Шоттарды Smartbank арқылы төлей отырып, қазақстандықтар бір операция үшін орташа 5000 теңге жұмсайды. Бұл ретте, Еуразиялық банктің клиенттері интернет-банкингке ірі аударымдарды да сеніп тапсырады: банктік аударымның (айырбастаау аударымдарын, өз шоттары арасындағы аударымдарды қосқанда) орташа сомасы шамамен 1,5 млн теңгені құрайды.
Таяу арада Smartbank одан бетер «ақылдырақ» болмақшы: Еуразиялық банктің онлайн-банкингінің жаңа функционалы клиенттерге хабарламалар – кредитті өтеу туралы ескертулер, Банк жаңалықтарын, жаңа өнімдер, қызметтер мен әрекеттегі акциялар туралы ақпараттарды алуға мүмкіндік береді. Бұған қоса, Smartbank клиенттің Smartbank-ғы белсенділігіне байланысты оның нақты қажеттіліктеріне қарай әр қолданушыға Еуразиялық банктің қызметтері бойынша дербес ұсыныстар құрастыратын болады. Осылайша клиенттерге бүкіл клиенттік база бойынша бірдей ұсыныстар жаппай жіберілмей, оларды қызықтыратын нәрселерді ғана ұсынатын жаңа буынды банкинг туындайды.
 
Анықтама:
Еуразиялық банк — барлық сегменттің клиенттеріне өнімдері мен қызметтерін ұсынушы әмбебап банк. 1994 ж. іргесі қаланған Банктің Қазақстанның барлық өңірлерінде бөлімшелері бар. Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі және Новосибирскте, Челябинск пен Омбыда филиалдары бар. S&P соңғы рейтингі: В+. KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы.
Банктің табысты қызметі халықаралық басылымдардың келесі аталған номинацияларындағы наградаларымен марапатталған: «Қазақстанның үздік банкі» – IAIR, 2014 ж., «Қазақстанның үздік банкі» – EMEA Finance, 2013 ж., 2014 ж. «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» – Asian Banking & Finance, 2012, 2013 және 2015 ж., «Қазақстанның үздік банкі» – Euromoney, 2012 ж. және «Қазақстандағы жыл банкі» – The Banker, 2012 және 2014 ж.
Еуразиялық банктің Баспасөз қызметі:
тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 3288)

www.eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.