24 сәуір 2023 жыл, Астана қ.
«Қазпошта» АҚ мен «Еуразиялық банк» АҚ қаржылық қызмет сапасын жақсартуды, ыңғайлылық пен екі компанияның клиеттерінің уақытын үнемдеуді көздейтін, екіжақты ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Енді Қазпошта және Еуразиялық банк клиенттері, оның ішінде зейнеткерлер, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны алушылар екі ұйымның банкоматтарынан 300 000 теңге көлеміне дейінгі қаражатты комиссиясыз ала алады.
Серіктестік қатынас осы жылдың наурыз айында қол қойылған меморандум негізінде қолға алынды. Нәтижесінде Қазпошта және Еуразиялық банк клиенттері үшін банкоматтар желісі екі есе ұлғайып, қолжетімділік артты. Айта кетерлігі, қазақстандық пошта операторында еліміз бойынша 500-ге жуық банкомат бар, олардың қатарында шалғайда жатқан ауылдардағы бөлімшелер де бар. Еуразиялық банкте де дәл осындай көлемдегі банкоматтар желісі жұмыс істеп тұр.
«Қазпоштаның қаржы саласындағы әлеуметтік мәртебесі зор, себебі компания – зейнетақы мен жәрдемақыны беру операторы болып табылады. Оның ішінде Қазпоштаның ауыл-аймақтарда алатын орны ерекше. Енді Еуразиялық банкпен коллаборация арқасында зейнеткерлерге, жәрдемақы алушыларға серіктестің банкоматы арқылы картаны толықтыру немесе қолма-қол ақша алу бұрынғыдан да тиімді әрі ыңғайлы болмақ. Бізге халыққа жақын болу маңызды әрі біз азаматтарға сапалы пошта және қаржылық қызметтерді ұсынуды көздейміз», – деді «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова.
«Біз қазақстандықтар үшін қаржылық қызметтердің қолжетімділігі әлеуметтік жауапкершілік факторы деп білеміз. Сондықтан комиссияны алып тастау туралы келісім – Қазпоштамен ынтымақтастығымыздың басы ғана және жақын арада біз клиенттерге ыңғайлы болуы үшін, бірлескен қызмет спектрлерін тағы да ұлғайтатын боламыз. Осыған байланысты тек биылғы жылы біз бүкіл Қазақстан бойынша банкоматтар паркін едәуір кеңейтуді жоспарлап отырмыз, бұл өз кезегінде өңірлердегі банк географиясын арттыратуға мүмкіндік береді», — деді Еуразиялық банк басқарма төрағасы Ляззат Сатиева.
Еске салсақ, Ұлттық статистика бюросының 2023 жылдың 1 қаңтарында ұсынған мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанда бүгінде зейнетақыны алушылар саны 2,2 млн адамды құрайды, олардың ішінде 1 млн азамат ауылдық жерлерде тұрады.
Анықтамалық ақпарат:
«Еуразиялық банк» АҚ – әлеуметтік маңызы бар қаржы институты, қазақстандық банктер арасында активтерінің көлемі бойынша жетінші орын алады. Банк бөлшек банкинг нарығында жетекші орында және корпоративтік клиенттер мен ШОБ субъектілеріне қызметтердің кең спектрін ұсынады. Moody’s – B2 шкаласы бойынша, банк рейтингісінің болжамына қатысты 2022 жылдың 15 желтоқсанында «оң» баға берілді. Банк ERG тобының экожүйесіне жатады (минералды ресурстарды өндіру және өңдеу саласындағы әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі).
«Қазпошта» АҚ — Қазақстан Республикасының ауылдық елдімекендерден ірі қалаларға дейінгі географиясын барынша қамти отырып, пошта, агенттік және қаржылық қызметтердің толық спектрін ұсынатын ұлттық пошта байланыс операторы. Артықшылықтары —тармақталған филиалдық желілердің арқасында қызметтердің қолжетімділігі. Өзінің жеке процессингтік орталығы бар. Еліміздің барлық елдімекендерінде филиалдардың болуы халық пен бизнесті түгелдей қамтуға мүмкіндік береді.
Заңды тұлғалар үшін банк сайтындағы ақпаратқа сәйкес өзге тарифтер қолданылады. Толығырақ мына жерден оқыңыз.
«Қазпошта» АҚ PR қызметі
8 (7172) 61 16 99, ішкі 1338
+ 7 777 001 21 07
sadvakasova.m@kazpost.kz
«Еуразиялық банк» АҚ PR қызметі
press@eubank.kz