logo
Қз

Компьютерлік көру Еуразиялық банктегі клиенттік құжаттаманы оқиды

Астана, 13-қазан 2023 жыл

Еуразиялық банкте кредиттік құжаттармен жасанды интеллект (ДИ) жұмыс істейтін болады. Компьютерлік көру деректердің 95%-ын өңдеу және құжаттармен жұмыс уақытын 3-4 есе қысқарту мүмкіндігін көрсетіп отыр.

 

Digital Bridge 2023 ірі технологиялық форумында Еуразиялық банктің басқарма төрайымы Ләззат Сатиева «Банктер Big Data және ML-ді қалай және не үшін енгізеді?» деп аталатын панельдік сессиясында Банктің ішкі процестерінде ЖИ-ні қолдану тәжірибесі мен одан әрі дамытуы туралы айтты.

 

— «Клиент несиені рәсімдеп, сатып алынған автокөлікті басқарғаннан кейін Банкте ішкі жұмыс басталады — оның несиелік құжаттамасын мұрағаттау. Мұнда компьютерлік көру қызметкерлерді әдеттегі операцияларда алмастыра алады, мысалы, құжат түрін және барлық қажетті анықтамалардың болуын анықтау, ЖСН мен күндерді тексеру, толтырудағы қателер мен дәлсіздіктерді анықтау. Бұл ретте жұмыстың тәулік бойы жүріп жатқаны сөзсіз артықшылық болып отыр», – деді Ләззат Сатиева, — ЖИ үнемі оқытылатыны және оның негізінде қорытынды жасайтын деректерді жақсырақ және одан да жақсы талдайтыны маңызды болып табылады».

 

Банк төрайымы жасанды интеллекттіні қолдану Еуразиялық банкте төрт жыл бойы, әсіресе, өндіріп алу (Soft collection), телемаркетинг және қызметкерлерді жалдау саласында белсенді дамып келе жатқанын атап өтті.

 

Байланыс орталығының роботының мысалында клиенттердің барлық өтініштерінің 53%-ы ЖИ деңгейінде шешілетіні атап өтілген. 2025 жылдың соңында банк кіріс өтініштер бойынша 64%-ға дейін автоматтандыруға қол жеткізуді жоспарлап отыр.

 

Банк клиенттерге өнімдер, процестер және басқа да қызмет көрсету мәселелері бойынша кеңес бере алатын ЖИ көмегімен чат-бот құруды қарастыру үстінде.  Тағы бір бағыт — талдау және алаяқтыққа қарсы тұру.

 

— Біз жасанды интеллектті клиенттерімізге қызмет ету үшін орнаттық және ЖИ қаржы секторын өзгерте алатын сиқыр екенін білеміз. Екінші жағынан, клиенттермен жұмыс істеу кезінде олардың қалауын ескеру қажет — көбісі роботтармен емес, тірі операторлармен сөйлескісі келеді, әсіресе кеңес беру барысы. Клиенттердің едәуір бөлігі филиалдарға келуді жалғастыруда, өйткені оларға бұл әдіс соншалықты таныс. Біздің міндетіміз — технологиялық және адами қызмет көрсету үшін барлығына тең мүмкіндіктер беру», – деп қорытындылады Ләззат Сатиева.

 

DigitalBridge 2023 — ең жақсы және инновациялық қаржылық және банктік технологияларды көрсетуге бағытталған алаң болды.

 

Форумға планетаның әртүрлі нүктелерінен спикерлер, инвесторлар және IT компаниялары жиналып, қазіргі әлемдегі жасанды интеллекттің рөлін талқылады.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.