01.07. 2017, Алматы. Еуразиялық банк “0,1%-бен кредит” бірегей акциясын бастады. Акция аясында 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 31 желтоқсанға дейін аралықта Еуразиялық банкте кепілсіз қарызды ресімдеген Клиенттер 0,1% теңдессіз мөлшерлеме бойынша 96 кредитті ұтысқа қояды.
Акция талаптары бойынша кредит шарты ресімделген кезде қарыз алушының байланыс ақпараттары қатысушылардың деректер базасына автоматты түрде енгізіледі. 1 шілдеден бастап әр ай сайын банк кездейсоқ сандарды анықтау бағдарламасының көмегімен 16 кредит ұтысқа салады, ұтыс жеңімпаздары жеңілдікті кредиттің иегері атанады.
Әр раундтың қорытындысы бойынша келесі айдың 10-ші санынан кешіктірмей Банктің ресми сайтында акция жеңімпаздарының кредит шарттарының сәтті нөмірлері жарияланатын болады.
“Еуразиялық банк Қазақстан нарығында аналогы болмаған бірегей өнімді қатарға қосты. Шын мәнінде Банктің акциясы кез келген клиентке іс жүзінде пайызсыз кредитті алу мүмкіндігін береді. Біз бұдан әрі де біздің клиенттерге қызықты және жаңашыл шешімдерді ұсынуды жалғастырамыз. Ағымдағы жылы біз бөлшек бизнеске барымызды салып жатырмыз және өнім ұсыныстар қатарын кеңейтуді, сондай-ақ біздің өнімдердің сапасын арттыруды және клиенттік сервисті одан әрі жақсартуды мақсат еттік”,- деп түсінік берді “Еуразиялық банк” АҚ Басқарма Төрағасы Павел Логинов.
Анықтама:
Еуразиялық банк – 1994 жылы негізі қаланған әмбебап қазақстандық банк. Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі және Новосибирск,Омскі мен Челябинскте кредиттік-кассалық офистері бар. S&P рейтингі: В, «тұрақты» деген болжамға ие. KASE мүшесі, KazPrime-ге қатысушы. Банктің сәтті қызметі халықаралық басылымдармен берілген номинациялардағы марапаттарымен расталады, олар – «Қазақстанның үздік банкі» – IAIR, 2014 ж. «Қазақстанның үздік банкі» – EMEA Finance, 2013 ж., 2014 ж., «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» – Asian Banking & Finance, 2012, 2013 және 2015 жылдар, «Қазақстанның үздік банкі» – Euromoney, 2012 ж. және «Қазақстандағы жыл банкі» – The Banker, 2012 және 2014 жылдар.
Еуразиялық банк Қазақстанның ЖІӨ-нің 4%-нан артық үлесіне және оның металлургиялық және кен өндіру өнеркәсібінің үштен бір бөлігіне ие табиғи ресурстарды өндіру мен өңдеу саласындағы ірі әртараптандырылған компания – Eurasian Resources Group S.a.r.l. («ERG») иелеріне тиесілі. Қазір Eurasian Resources Group феррохромның ең ірі өндірушісі, сондай-ақ темір кенінің және глиноземнің негізгі өндірушілерінің бірі болып табылады. Eurasian Resources Group өндірістік активтері мен кен орындарын өңдеуге қатысты жобалары төрт континентте де бар. Сонымен қатар Компания саладағы ірі жұмыс берушілердің бірі болып табылады. Әлемде Топтың қызметкерлер қатары 80 000 қызметкерден аса санға ие. Топ акционерлері: Александр Машкевич, Алиджан Ибрагимов және Патох Шодиев.
Еуразиялық банктің Баспасөз қызметі:
тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 4945)
press@eubank.kz www.eubank.kz