logo
Қз

Ляззат Сатиева: "Еуразиялық банк экономиканы қаржыландыруды ұлғайтатын болады"

2025 жылғы 19 наурыз

 

Басқарма Төрағасы Ляззат Сатиева бүгін үкімет жиналысында Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалық етуімен екінші деңгейдегі банктердің нақты экономика секторын қаржыландыру мәселелері бойынша сөз сөйледі.

 

Ол Еуразиялық банктің бизнесті қаржыландыруды арттыру стратегиясын жалғастыра отырып, мемлекеттің нақты секторды дамыту, жұмыс орындарын құру және шикізаттық емес экспортты ұлғайту басымдықтарына сәйкес келетінін атап өтті.

“Біз ресурстарды ШОБ және корпоративтік бизнес пайдасына бөле отырып, тұтынушылық кредиттеу көлемін саналы түрде азайтып жатырмыз”. 2025 жылы банк кредиттік портфельдің 600 млрд теңгеден астам беру көлемімен 25% – ға өсімін жоспарлап отыр. 2025 жыл басынан бастап банк 120 млрд теңгеге қарыз берді.  Жұмысымызда логистика, өнеркәсіптік өндіріс, медицина және тау-кен саласындағы жобалар бар. Бұл секторлар еліміз үшін стратегиялық маңызды, экономиканы әртараптандырып, жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етеді”, – деді ол.

 

Еуразиялық банк басқарма Төрағасы банк секторының салық жүктемесін реттеу, сондай-ақ, кәсіпкерлердің мүмкіндіктерін кеңейту бағытындағы маңызды қадам ретінде ШОБ кредиттеріне кепілдік беру қорын құру және сараланған тәсіл бойынша бірқатар сындарлы ұсыныстарды айтты.

“Біз кешенді реттеу тәсілін қолдаймыз және байыпты шешім қабылдау арқылы банк жүйесінің тұрақтылығы мен бизнеске қолжетімді қаржыландыру арасындағы теңгерімді сақтауға мүмкіндік беретініне сенімдіміз”, — деді Ләззат Сатиева.

 

Кездесу туралы есепті Премьер-министрдің сайтынан қараңыз.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.