2022 жылғы 28 қазан, Алматы
Еуразиялық банк Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ләззат Сатиеваны Еуразиялық банк басшылығына тағайындау туралы шешіммен келіскенін хабарлады. Банк қабылдаған шешімнің нәтижесінде “Еуразиялық банк” АҚ Директорлар кеңесі 27 қазанда Ләззат Әділқызы Сатиеваны банктің басқарма төрағасы етіп сайлады.
“Еуразиялық банк” АҚ атқарушы органының 6 адамнан тұратын құрамы бекітілді.
Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич Ләззат Сатиеваның банк басшысы қызметіне жаңа табыстар тіледі. “Банкке заман талаптары мен клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін сапалы серпіліс қажет”, — деп сенім білдірді.
Ләззат Сатиева әр жылдары ForteBank, Қазкоммерцбанкте шағын және орта бизнесті қаржыландыру бағытын басқарды. БТА Банкі төрағасының орынбасары лауазымында БТА Банкі мен Қазкоммерцбанкті біріктіру жобасына атсалысты.
2020 жылдан бері Еуразиялық банкте басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарып, корпоративтік бизнес және ШОБ дамыту саласына жетекшілік етті.
Халықаралық бизнес академиясында MBA дәрежесін алған және Павлодар мемлекеттік университетін “Қаржы және кредит” мамандығы бойынша бітірген.
“Теңгеге 20 жыл”, “Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл” үкіметтік медальдарымен және “Еңбек сіңірген қаржыгер” қоғамдық орденімен марапатталған.
«Еуразиялық банк» АҚ PR-қызметі:
press@eubank.kz
eubank.kz