2022 жылғы 21 сәуір, Алматы
Еуразиялық банк 2022 жылғы бірінші тоқсанда, қаңтардағы төтенше оқиғалардың салдарына қарамастан, клиенттеріне, негізінен бөлшек бизнестегі клиенттеріне кредит беруді арттыра түскен. Банктің кредиттік қоржыны басқарушылық есептіліктің бастапқы деректері бойынша 11%-ға өсіп, 801 млрд теңгені құраған.
Кредиттеу қарқынының өсуі нәтижесінде банктің пайыздық кірістері 2022 жылғы 1-тоқсанда 22%-ға, пайыздық емес кірістері 2021 жылғы бірінші тоқсанның көрсеткішімен салыстырғанда 131%-ға ұлғайған. Банк активтері 1 414 млрд теңгені құрады. Банктің таза пайдасы 6 млрд теңгеге, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 9,2 млрд теңгеге дейін өсті.
Банк өтімділігінің буфері кең және нарықтық қорландыруға тәуелділігі төмен, мұны Moody’s рейтинг агенттігі 2022 жылғы 13 сәуірде растады. 2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша өтімділігі жоғары активтер үлесі 43,4% деңгейін құрады.
Банк барлық реттеушілік талаптарды орындайды. Банктің меншікті капиталы 1 сәуірдегі деректер бойынша жыл басынан бері 3%-ға артып, 271,4 млрд теңгеге жетті. Меншікті капиталдың рентабельділігі 30%-ды құрады, бұл банк қызметінің тиімділігінің жоғары екендігінің дәлелі болып табылады.
«Еуразиялық банк» АҚ — 28 жылдық даму тарихы бар Қазақстанның әлеуметтік маңызды коммерциялық банкі. Активтерінің мөлшері жөнінен еліміздегі ең ірі он банктің қатарына кіреді, бөлшек банкинг нарығында жетекші орынды ұстап тұр, корпоративтік клиенттер мен ШОБ субъектілеріне қызметтердің кең ауқымын ұсынады. Банк ERG тобының (минералдық ресурстарды өндіру мен өңдеу саласындағы әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі) экожүйесіне жатады.