“Сүйікті клиент” жобасы – клиенттеріміздің жетістіктерімен қаншалық мақтанатынымызды, оларға алғысымыз шексіз екенін және кәсібінің аудиториясын кеңейтуге көмектескіміз келетінін көрсететін тәсіліміз”, – дейді банктің басқарма төрайымы Ляззат Сатиева.
Жоба бизнесті жаңа жетістіктерге шабыттандырып, сенім мен ынтымақтастыққа алғыс білдіру ниетінде қолға алынған. Бұл тәсіл Еуразиялық банктің 30 жылдығына арналды.
Жарнама науқаны кейіпкерлерінің қатарында наубайхана, медицина емханасы, өнер мектебі, балабақша және тағы басқа өңірдің дамуына үлес қосып жүрген әрі өз тарихы бар кәсіпорындар бар.
Отбасыға жылу сыйлайтын ыстық нан
Astyk Alem – 10 жылдан астам уақыттан бері Қарағанды облысының тұрғындарын хош иісті ыстық нанымен және дәмді кондитер өнімдерімен қуантып келе жатқан ірі наубайхана. Зауыттың негізін қалаған Абсалам Қариннің айтуынша, ол үшін нан пісіру кәсібі – отбасылық тарих.
Бұл кәсіп кішкентай ғана наубайханадан басталған. Бүгінде зауыт күнделікті 10 мыңнан астам нан, тоқаш, бәліш сияқты түрлі нан өнімдерін пісіреді. Дегенмен кәсіптің басты құндылығы өнімнің көлемі мен санында емес, махаббатпен жасалатынында. Олардың әр пісірген нанының дәмінен сол махаббаты сезіледі.
“Біз үшін нан жай ғана кәсіп емес, ол – біздің отбасылық тарихымыздың, тамырымыз бен дәстүріміздің бір бөлігі. Біз оны өз отбасымызға пісіргендей ұқыпты жасаймыз. Біздің өнімдерді адамдар сатып алғанда, cол үйдің, отбасылық әдет-ғұрпының, жайлы сәтінің бір бөлігіне айналатынымызды түсінеміз. “Сүйікті клиент” жобасы – бізге құндылығымызды үлкен аудиторияға жеткізуге таптырмас мүмкіндік. Мұндай қолдау сенімді нығайтады әрі дұрыс жолда екенімізді көрсетеді”, – дейді Абсалям Карин.