logo
Қз

Еуразиялық банк қызметкерлері бүкіл ел бойынша 7,5 тонна қоқыс жинады

Өткен демалыс күндері Еуразиялық банктің филиалдары мен бас кеңсесінің ұжымдары еліміздің барлық өңірлерінде сенбіліктер өткізді. Науқанға 600-дан астам қызметкерлер қатысты. Күні бойы қызметкерлер қоғамдық орындарды қоқыстардан тазартып, әлеуметтік нысандардың аумақтарына ағаш отырғызды. Жалпы күш-жігермен шамамен 7,5 тонна қалдық жиналып, 30 көшет отырғызылды.

 

Мысалы, Еуразиялық банктің бас кеңсесі мен Алматы филиалының командалары Думан тауының аумағын қоқыстан тазартып, оны «жеңіл шыны», «пластик» және «металл» санаттары бойынша бөлді. Барлығы 69 қап қоқыс жиналды, оның ішінде 16 қап қалдық қайта өңдеуге берілді. Өскемендегі филиал командасы қаланың ең ірі қалалық ауруханасының аумағына 30-дан астам жасыл және көк шырша отырғызды. Қостанайда банк қызметкерлері тротуарларды сыпырып, қала көшелеріндегі қоқыстарды жинады. Осындай науқандар Қазақстанның барлық қалаларында өткізілді.

 

«Еуразиялық банк үшін ESG-күн тәртібі аясындағы біздің белсенділігіміз жыл бойы үйреншікті және тұрақты дәстүр болды. Күз — қалаларды қоқыстан тазартатын уақыт, сондықтан біз өзіміз тұратын жерлерге қамқорлық жасаудың ерекше жасыл толқынын іске қосуды ұйғардық және осылайша басқа компаниялар мен адамдарға үлгі көрсетуге болады», – деді Еуразиялық банктің басқарма төрағасы Ләззат Сатиева.

 

Банк қызметкерлеріне аумақтарды тазалауға көмектескен EcoNetwork компаниясының эко-жаттықтырушылары сенбіліктері өткізу философиясы тек қоқыстары тазалаудан гөрі тереңірек екенін атап өтті, бұл адамдардың санасын өзгертеді. Егер бұл 600 адам эко-саналы болып, басқаша өмір сүре бастаса, онда мақсатқа қол жеткізілді дегенді білдіреді. Бүгін Еуразиялық банк экологиялық жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру бойынша міндеттеме алды. Банк экология мәселелерін ескере отырып, клиенттермен де осындай қатынастар орнатады.

 

Жақында Еуразиялық банктің Эко-картасы Плас-форум аясында «қаржыдағы үздік ESG-бастама» деп танылды.

 

«Қаржыдағы үздік ESG-бастама» номинациясындағы жеңіс Еуразиялық банктік экология және тұрақты даму саласындағы қоғамдық бастамаларды қолдаудағы дәйекті және нәтижелі іс-әрекеттерін мойындау болды.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.